Енді РФ украин инфрақұрылымына соққы берсе, өзі дәл сондай жауап алады
КИЕВ. 11 қараша. Бұдан былай Ресей украин энергетика жүйесіне шабуыл жасайтын болса, Украина армиясы оның мұнай-газ инфрақұрылымына дәл соққы береді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина энергетика министрі Герман Галущенко АҚШ-қа сапары кезінде Politico басылымына берген сұхбатында биылғы қыс маусымында Ресейдің былтырғыдай болуы ықтимал украин энергия жүйелеріне шабуылдарына жауап ретінде оның мұнай-газ нысандарына соққы беріліп қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Министр Ресейдің Украина электр желілеріне ұдайы кибершабуыл жасап тұратынын, енді суық түскеннен кейін үйлері электр қуатымен жылытылатын адамдардың көретін қиындықтары арта беруі үшін мұны тек жиілетіп жіберетінін болжауға болатынын айтты.
Украина президенті Володимир Зеленьский Украина армиясы биылғы Ресей тарапынан жасалатын энергия жүйесіне жасалатын күшейтілген шабуылға міндетті түрде қатты жауап қайтаратынын баяндаған болатын. Президенттің жауап қайтару тізіміне Ресейдің мұнай-газ жүйесі кіре ме, деген сұрағына Галушко: «Бұл әділеттілік болар еді» деп жауап берді.
«Олардың энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасағанда ғана біз тура жауап қайтара аламыз, – деп атап өтті ол. Министр Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымына шабуыл жасаудың бағаны күрт өсіріп жібереді деген болжаммен келіспейтінін білдірді.
«Мен отынды тек Ресейден ғана сатып алуға болмайды деп есептеймін. Мен әлемнің бұл тұйықтан шыға алатытынына сенімдімін», – деді ол.