Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Болат Назарбаевтың өлгенін растады

АЛМАТЫ. 13 қараша. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың бақилық болғанын бұлардың біріншісінің өкілі расқа шығарды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Байырғы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өз шефінің туған бауыры өмірден өткені бұл жолы ақиқат екенін жеткізді.

«Ұзаққа созылған науқастан кейін Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Әбішұлы Назарбаев 70 жасында қайтыс болды», – деп хабарлады ол дүйсенбі күні.

Агенттік анықтағандай, «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы (бұрынғы «Совминка») Болат Назарбаевтың бүгін таңертең 9.51-де үзілгенін айғақтаған.

Еске сала кетейік, 13 қараша күні таңертең әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың жантәсілім еткені жайлы хабар тарады. Бірақ бұған дейін де мұндай қауесет бірнеше рет шыққандықтан, ендігі хабарламаға сенбестікпен қарағандар да аз болған жоқ.

Кейін анықталғандай, экс-президент інісінің мәйіті аталмыш ауруханада сағат 10:34-ке дейін жатқан.

Мұның алдында бұрынғы мемлекет басшысы інісінің денсаулығы күрт нашарлап кеткені жайлы ақпар тараған еді.  Сол шамада әлеуметтік желіде Назарбаевтар әулетінің бірнеше өкілі аурухана жанында түскен фото жарияланды. Рәсімде Болаттың қоларбада отырғаны көрініп тұрды.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысының Қаскелең (қазіргі – Қарасай) ауданындағы «Шамалған» ауылында туған. Өмірдегі мамандығы сантехник және шопыр (айдаушы, жүргізуші) ғана болған ол 1997 жылдан бастап BN Invest холдингін басқарды. Бұдан басқа, толып жатқан сауда үйлері, базарлары, ресторандары болды. 2016 жылы «Салиқалы ұрпақ» деген қоғамдық қор құрып алды. Сол жылы өз ағасының жарлығымен «Парасат» орденін (Не үшін? – ред.) омырауына қадады.

Жасыратыны жоқ, қоғамда және жұртшылық арасында Болат Назарбаевтың жақсы атынан гөрі нашар тұстары өте көп естілді. Оның есімі бірқатар стратегиялық салаларда монополиялық үстемдік көрсетуімен, өзгелердің көптеген нысандарын рейдерлік жолмен тартып алуымен қатты шықты. Осы арқылы қаншама адам есепсіз зардап ішті, теперіш тартты, азар көрді, қиянат шекті. Бұған қоса, жыл сайын үйленіп тұруымен ел ішін дүрліктірумен болды. Көпшілік арасында ол сондай-ақ «Жетісу өңірінің билеушісі», осындағы басты кадр мәселесін шешуші ретінде де көп жылдар бойы белгілі болып келді. Мұның бәрі, әлбетте, сол замандағы аса құдіретті ағасының алғауымен, қолдауымен, дем беруімен болып жатты.

Қазақ өлгеннің сыртынан жаман сөз айтпайтын қағидатты ұстайтын мәрт халық болғанымен, әлеуметтік желілерде марқұмның мұндай шектен шыққан жағымсыз жақтарына амалсыз тоқталып өтіп жатқандар да аз емес.

Біздің бұларға қосып-аларымыз жоқ.

 

* * *

 

БЕССЛАВНЫЙ КОНЕЦ

Умер негласный хозяин Юго-Востока Казахстана. Так сказать, хозяин Семиречья. Все так ждали его смерти, что не умереть он не мог.

Остаться жить – это было бы в высшей степени неуважением к народу, который его просто ненавидел. За что? Да буквально за все.

За богатства его, нажитые понятно каким путём. За молодых жён, которых он менял как перчатки. За его барские замашки.

И это при том, что в душе он остался тем же нищим сантехником и водителем. И таким же недалёким, каким он был в далёкие 70-е.

А потом судьба повернулась ему передом, благодаря карьере старшего брата. Который как раз и был и умным, и ушлым, и хватким.

И на фоне старшего младшего ненавидят ещё больше. Тот хоть поднялся благодаря своему интеллекту. Да злому, но интеллекту. А младший?

А он был полной бездарью, да ещё и с явными отклонениями. Ведь только больной человек мог жениться каждый год на молодых девушках.

Мне рассказывали случай, как он приезжал в один из аулов Восточного Казахстана, откуда была родом его очередная жена. Типа свататься, что ли.

Так вот, все сельчане попрятали своих дочерей от 15 и до 30 лет. И чуть ли не сажей им лица мазали, чтобы этот маньяк их не тронул.

То есть он был этаким барином, который мог купить любую крепостную за три копейки. А отказывать ему было сильно чревато.

Лежит теперь этот «барин» в холодном морге, готовится к погребению. И безжизненно висит его конец, которым он так любил махать при жизни.

Руслан ТУСУПБЕКОВ

Facebook

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button