Путин Ердоғанның шақыруыменТүркияға баруға тәуекел ете алмады
МӘСКЕУ. 22 тамыз. РФ диктаторы Владимир Путин жүрегі дауаламағандықтан, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған шақыруы бойынша Анадолы жеріне барудан бас тартты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның алдында Оңтүстік Африка республикасында өтетін БРИКС саммитіне барудан жасқанған тиран бұл жолы да тәуекелге бара алмады. «Путин Кремль елшілерімен және шенеуніктерімен бір ай ойласып, келісім жүргізгеннен кейін президент Реджеп Ердоғанмен келіссөз өткізу үшін Түркияға бармауға шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Путинді тамыздың соңында өз еліне шақырған Ердоған енді Ресейге өзі баратын болды. Мұны түрік президентінің кеңесіндегі мәнбеге сілтеме жасаған Yeni Şafak жазды.
Кездесудің негізгі тақырыбы астық келісімін қалпына келтіруге арналады. Ердоған бұл мәселеде мәміле жасалады деген үмітте. Түркия астықты Румыния арқылы шығарып әкету жайын алға тартатын АҚШ жоспарына дайындыққа қатыса отырып, Ресеймен және Катармен баламалы келісімге келу мүмкіндігін де талқылап көреді.
Путиннің Түркияға сапар жасаудан бас тартуы оның Гаага сотының трибуналына тез түсіп қалудан қорқатынын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Ол БРИКС саммитіне бармақшы болып жүргенінде Оңтүстік Африка республикасы басшылығының өзін халықаралық сотқа ұстап беруге дайын екенін білгесін ол ойынан бірден айнып шыға келген еді.