Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Украин әскерлері Ресейдің Ростов облысын ракетамен атқылады
ДОНДАҒЫ РОСТОВ. 28 шілде. Бүгін Ростов облысына кем дегенде екі ракетамен соққы берілді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өңір басшысы Василий Голубев пен РФ қорғаныс министрлігіндегілер оларды ПВО-ның атып түсіргенін айтады.
Снарядтардың бірі Таганрогтың орталығына келіп құлап, қатты жарылыс жасаған. РФ әскери ведомствосы ракеталарды Украина Қарулы күштері жібергеніне еш күмән келтіріп отырған жоқ.
Жарылыс салдарынан кемінде 14 адам жарақат алып қалған. Олардың жетеуі ауруханаға жатқызылған. Жарылыстың эпицентрі Таганрог қаласының көркемсурет музейі болған.
Тағы бір снаряд Азау теңізі үстінде атып түсірілген. Ведомство оның адам жоқ жерге құлағанын айтады.