АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Euronews: Әзербайжан ұшағын Ресей ПВО-сы атып түсірді

БАКЫ. 27 желтоқсан. Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлаған Әзербайжан ұшағы ресейлік ракетамен атқыланған болып шықты. Бұл туралы Euronews ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әзербайжан Үкіметіндегі өз мәнбесіне сілтеме жасаған Euronews Azerbaijan Airlines лайнерін Грозный қаласы аспанында Ресей ПВО-лары атқылағанын жазды. Журналистер жазып отырғандай, ұшақтың апатқа ұшырауына РФ-ның «жер-ауа» класты зымыраны бірден-бір себепші болған.

Мәнбенің баяндауынша, ракета Грозныйға украин дрондары шабуыл жасап жатқан кезде ұшырылған. Снаряд борт жанында жарылған, ал оның жарықшақтары ішке қарай өтіп, жолаушылар мен экипаж мүшелерін жаралаған.

Euronews атап өткендей, Грозныйға екі рет келіп қона алмаған, сол сәтте жерден шабуыл жасалған Әзербайжан жолаушылар ұшағына Ресейдің осы маңдағы әуежайларына қонуға рұқсат берілмеген. Сол себепті экипаж Каспий (Хазар) теңізі арқылы ұшып өтіп, Қазақстанның Ақтау қаласына қарай баруға тура келген. Алайда қала аэропортына үш шақырым қалғанда, лайнер жерге құлай бастаған. Осыған орай пилоттар оны теңіз жағасындағы жазық далаға қондыруға мәжбүр болған. Бұл аралықта әуе кемесі 50 минут қозғалтқыштың істен шыққан қалпында ұшып өткен.

Бакы қазір осы авиа апаты үшін Мәскеу тарапы өз айыптарын мойындап, кешірім сұрауы керек деп отыр.

Бортты Ресей ПВО-сы атып түсірген. Reuters агенттігінің төрт мәнбесінің мәліметінше, лайнер украин ұшқышсыз ұшақтары шабуыл жасап жатқан кезде «Панцирь-С» жүйесінің зымыранымен атқыланған.

Әзербайжан парламенті халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Расим Мусабеков Turan ресурсына берген сұхбатында «ұшақ Ресей территориясында, Грозныйдың үстінде атылды, оны жоққа шығару мүмкін емес» деп мәлімдеді. Ол РФ билігін медиа кеңістікте із жасырығысы келді, Мәскеу мұның орнына кінәлілерді жауапқа тартып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар отбасыларына өтемақы төлеуі керек еді деп айыптады. «Егер бұлай болмаса, қарым-қатынас, әрине, басқа көлбеуге қарай ауысып кетеді», – деп ескертті Мусабеков.

Авиаапат 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында орын алды. Ұшақтың бортында 62 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған. Олардың 42-сі – Әзербайжан, 16-сы – Ресей, 6-уы – Қазақстан, 3-уі Қырғызстан азаматтары болып шықты. Бұлардың 38-і қаза тауып, 29-ы тірі қалған. Экипаждан екі стюардесса аман шыққан.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button