Байден Вильнюсте енді Украинаның ұдайы қорғауда болатынын білдірді
ВИЛЬНЮС. 13 шілде. АҚШ президенті Джозеф Байден НАТО-ның саммитінде сөйлеген сөзінде Украинаға альянс құрамына алынғанға дейін жан-жақты көмек ала беретінін айтты. Бұл туралы «Украина 365» телеграм-каналына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Кеше, 12 шілде күні Литва астанасында АҚШ пен Украина президенттері арнайы кездесті. Кездесуден кейін екеуі баспасөз қызметкерлерінің алдарына шығып, мәслихат өткізді. Онда Украинаның бұдан ары НАТО құрамында болу тағдыры жайында айтылды.
«Путин әлі күнге дейін Украинаның өз территориясы, өз мемлекеті және өз болашағы бар екеніне сене алмай отыр», – деді Байден.
«Ресей диктаторы әлі күнге дейін Украинаны басып алудан үмітті болып, қатты қателесіп жүр. Енді мұндай жағдай болмайды», – деді ол сосын.
Джо Байденнің айтуынша, Кремльдің қожайыны Батыс ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір Украинадан бас тартады деп ойлайды. Алайда ол қатты қателесіп отыр, Вашингтон «өзінің құндылықтары мен бостандық жолындағы идеясына қашаннан берік», бұл жолы да солай болады, бұл қағидат Украинаға келгенде, ақсай қоймайды.
АҚШ президенті Украинаның НАТО-ға кіретін шағы да тым алыс қалмағанын, оның іс жүзінде толық шешіліп қойылғанын, бұл шара соғыс аяқталған бойда бірден жүзеге асырылатынын баяндады. Пентагон сол кезге дейін украин қорғаушыларын қажетті қару-жарақпен толық қамтамасыз етіп отырады, содан кейін бұл міндет НАТО-ның құзырына көшеді. Олай болса, Украина жарты жолда қалдырылып кетпейді.
Ақ үйдің егесі сондай-ақ Украина Қарулы күштеріне алысқа атылатын ATACMS ракетасын беру мәселесін де қарастырылып жатқанын баяндады. Ол оң шешіліп қалуға тиіс. Себебі, бұған қарсы болып отырған ешкім жоқ.
Байден сонымен бірге Киевте мұндай қарудың қазір де бар екенін, оны Британия бергенін жеткізді.
Сарапшылар HIMARS-тың стандардты снарядтарына қарағанда, ATACMS-тың төрт есе қашыққа баратынын, оның ұзақтығы 300 шақырым екенін алға тартады.
Украина президенті Володимир Зеленьский Вильнюс саммиті Украинаға НАТО есігін айқара ашып бергенін айтты. Ол Украинаның жеңісімен аяқталатын соғысты соңына тым көп уақыт қалмағанын атап өтті. Ал G7 елдерінің лидерлері Украина альянс құрамына қабылданғанға дейін оған қауіпсіздік кепілін беретіндерін растады.
«Бүгіннен бастап Ресей Украинаның НАТО-ға мүше болуына қатысты өз шарттарын альянс алдына қою құқынан айырылды», – деді Зеленьский. Енді оның бопсаларын тыңдай қояйын деп жатқан ешкім жоқ.