Алматыға ресейлік шовинист келіп, Невский ескерткішін ашып берді
АЛМАТЫ. 13 шілде. Бүгін Алматының қақ ортасында Александр Невскийге ескерткіш сапқа тұрды, оны Ресейден келген импершіл шовинист Владимир Мединский ресми түрде ашып берді. Бұл туралы өз мәнбелеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ескерткіш қаланың Түріксіб ауданындағы Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан осы аттас шіркеудің ауласында бой көтерді.
Бір кездері Алтын Орданың жалдамалы жалшысы, орыс жеріндегі өкілі – датқасы болған кінәз Александр Невский Орыс православие шіркеуі әулиелерінің бірінен саналады. Ал қазақ халқы үшін ол ешкім де емес.
Сондықтан өз жерлерінің төрінде, елдің ең үлкен мегаполисінде осындай ескерткіш пайда болғалы жатқанына қазақ қоғамы түгелдей дерлік қарсы шығып, өре түрегелді.
Бірақ билік әдеттегідей жергілікті жұрттың бұл талабымен санасқан жоқ.
Рас, соған дейін Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау комитеті үш рет оны орнатуға рұқсат бермеген екен. Алайда, Мәскеу патриархатынан ұдайы кеңес алып тұрған ғибадатхана өз ауласында ханзаданың атқа мінген мүсінін ашудың айласын тауып кетіпті. Қазақстан заңнамасы бойынша бұл үшін (шіркеу ауласына орнатылатын болғандықтан) тиісті органдардың рұқсаты қажет емес көрінеді.
Дегенмен, осыған байланысты ең жоғары биліктен келісім алынғанына зәредей де күмән жоқ. Әйтпесе, ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қаласының қожайыны Ерболат Досаев келіп қатысып, поптың қолынан сүймес еді, оның марапатын да масаттана қабылдап, мойнына тағып алмаса керек-ті.
Мұның өзі де ештеңе емес, ескерткіштің ашылу рәсіміне сонау Мәскеуден соңғы кездері өзінің империялық-шовинистік көзқарасымен көзге түсіп жүрген Мединский арнайы келді. Владимир Мединский – көп жыл РФ-ның мәдениет министрі болған, қазірге кезде РФ президенті Владимир Путиннің көмекшісі. Ол бұдан шамалы уақыт қана бұрын өз көсемінің ойын қайталап, «қазақтың өз жері жоқ, оның бәрі ежелгі орыс жері» деп айды аспаннан бір-ақ шығарған еді.
Әрине, Орал тауларының шығыс бетіне тек XVII ғасырдан бері қарай ғана бірінші рет қадам басқан орыстардың бұл атыраптарда пұшпақтай да жері жоқ екенін, олардың «исконная русская земля» деп жүрген аумағы ежелгі Московия территориясы, қазіргі өздері «Алтын шеңбер» деп атайтын шағын өңір екенін көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты адамдардың бәрі де біледі…
Міне, қазақ жөніндегі көзқарасы тек жаулық сипаттағы адамның мынадай шараға келіп қатысуының өзі біздің биліктің принциптен мүлде ада, мейлінше солқылдақ екенін көрсетеді.
Сонымен бірге Ресейдің Украинаға шапқыншылығын, – Бекболатша айтқанда, – төрт аяқтап қолдап отырған Орыс православие шіркеуінің (РПЦ – ОПШ) біздің жерімізде бұлайша үстемдік жасауы ресми Қазақстанның осы басқыншылық соғысқа қарсы емес екенін ишаралап аңғартса керек.
Аталмыш оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде қарсылық білдіргендер өте көп болды. Солардың бірі – журналист Руслан Түсіпбеков: «азаматтық қоғамның белсенді наразылығына қарамастан, Алматыда Невскийге ескерткіш ашылды. Оны Мединский ашты, Қазақстанның өз жерлері жоқ деп өктемсіген адам, бұл – өте символдық нәрсе. Ол Путиннің империялық саясатының белсенді жүргізушілердің бірі, оның көмекшісі ғана емес. Ал Қазақстанда Невскийдің ескерткішін орнату – дәл осы саясаттың жалғасы. Бұл – негізінен біз үшін қара белгі. Біздің шенеуніктердің осыны түсінбейтіні өкінішті. Рұқсаттың ең жоғарғы жақтан алынғаны да анық. Әйтпесе, Досаев келмес еді. Бұл – биліктің бүгінгі болып жатқан процестерге мүлдем түсінігі жоқ деген сөз», – деп жазды.
Келесі бір Alexey Yakovlev деген блогер де көпшіліктің көкейінде жүрген ойларды дөп басып айтыпты. Оның постының мәтіні мынадай (әдейі аудармай беріп отырмыз):
«Мне сегодня неприятно дышать в Алматы. Сегодня наступила жара, +38, завтра +40. Но не поэтому. Сегодня в воздухе стоит запашок, Voнь.
Почему этого н@циста пустили в Казахстан? Без него никак нельзя было открыть памятник вассалу Золотой Орды, князю Александру Невскому?) Это многополярность такая?!)
Если кто забыл, то вот его цитаты:
«2013 год: «Я считаю, что после всех катастроф, которые обрушились на Россию в двадцатом веке, начиная с первой мировой и заканчивая перестройкой, тот факт, что Россия еще сохранилась и развивается, говорит, что у нашего народа имеется одна лишняя хромосома».
Это как понимать? Это он про высшую расу говорил?!
А это он сказал в 2021-ом:
«Как так получилось, что великоросские земли оказались на территории Украины, Казахстана и даже Белоруссии».
Алматинцы уже «задолбались» наблюдать за заменами хороших бордюров и асфальта на новые. Кое-кто никак не «напилится».
Сейчас в Украине вспоминают, как Зеленский начал строить дороги и инфраструктуру, вместо милитаризации… Я никоим образом не обсуждаю, чем занимались украинцы перед вторжением РФ… Это их внутреннее дело.
Но, что у нас происходит?! Опять распил?! Никак не накушаются некоторые?!
А кто-нибудь думает, что семидесятитысячная казахстанская армия со старым советским оружием не защитит нас от вторжения, которое может понадобиться властям РФ после неизбежного поражения в Украине. Боярам же надо будет как-то оправдаться перед населением и показать, что они ещё могут?!
Они, наверное, думают, что РФ устоит в войне против Украины, а они будут продолжать «пилить», будут открывать новые памятники Невским/Грозным в Казахстане и всё у них будет «в шоколаде», а если что, в час Х, они свалят на свои «швейцарские» виллы?!
Не будет такого. Украина победит. Гаага уже работает. Ответят все, включая тех, кто приглашает военных преступников с «лишними хромосомами» в Казахстан».
Міне, осындай гәп!