Украинаның Ресейге қарсы талап-арызына 32 мемлекет қосылғалы отыр
ГААГА. 10 маусым. БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық соты Украинаның Ресейге Геноцид туралы конвенцияны бұзуына қатысты талап-арыз беруіне қосылған 32 елдің өтінімін қабыл алды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Талап-арызға Еуропа одағының Мажарстаннан басқа 26 мемлекеті (Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция, Эстония), сондай-ақ Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Норвегия, Лихтенштейн және Ұлыбритания қосылды. Енді бұл елдер 5 шілдеге дейін үдеріске кірісіп, іс бойынша өз позицияларын білдіруге тиіс. Сонымен бірге АҚШ тараптар уәждерін алдын ала қарау кезеңіндегі тыңдауларға қатысудан бас тартты.
Украина БҰҰ-ның Халықаралық сотына талап-арызды 2022 жылғы ақпанда соғыс басталғасын бірнеше күн кейін берген болатын. Онда Ресейдің соғыс ашу үшін Украинаға Луганск және Донецк облыстарында геноцид жасады деген жалған айып тағып, 1948 жылы қабылданған Конвенция ережесін көпе-көрнеу бұзғаны айтылады. Киев «геноцид» ұғымын «манипуляция жасағаны үшін» Мәскеуде жауапкершіліккке тартуды және оны ұрыс қимылдарын тоқтатуға шақыруды талап етті.
Сот Украина тарапын қолдады. Сонымен бірге ондағылар қаулының «уақытша шара» екенін, оның мақсаты тартыс-талас бойынша түпкілікті шешім шыққанға дейін жанжалды тоқтата тұру болып табылатынын атап көрсетті. Алайда Ресей процеске қатысудан және ұрыс қимылдарын тоқтатудан бас тартты, – РФ сыртқы істер министрлігі мұның орнына «БҰҰ сотының «арнайы операция мәселесін қарауға заңдық негізі жоқ» деп тантыды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ-ға мүше елдер арасындағы дауды қарау үшін тағы Халықаралық сот құрылып отыр. Ұйым шешімінің міндетті күші бар, бірақ оныңі орындалуына мәжбүрлей алатын күші жоқ.