Ресей әскерлері қашып бара жатып, Каховка ГЭС-ін жарып кетті
ХЕРСОН. 6 маусым. Ресейдің оккупациялық әскерлері 1944 жылғы фашистік герман армиясының әрекетін қайталап, кетерлерінде Каховка су қоймасын жарып қашты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast,kz хабарлайды.
Херсон облысындағы Каховка гидро-электр станциясының плотинасы рашистердің жарып жіберулері салдарынан ішінара бүліншілікке ұшырады.
Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» жедел командованиесі басқыншылардың Германия фашистерінің 1944-1945 жылдарғы әрекеттерін сол қалпында қайталағандарын атап өтті.
«Ресей оккупациялық әскерлері Каховка ГЭС-ін жарып кетті. Қазір қирандының ауқымы, судың жылдамдығы мен көлемі, су басып қалуы ықтимал аудандар зерттеліп жатыр», – делінген хабарламада.
«Алдын ала мәлімет бойынша, плотинадағы су өткізгіш 28 құлақшаның 11-і қирап қалған, станцияның төменге су жіберетін құламалары (каскад) бүліншілікке ұшырағаны байқалады. Су басу аймағына 80 елді мекеннің тап болуы ықтимал», – деп атап өтті осы орайда ТАСС-тың ресейлік экстернді қызметтегі мәнбесі.
Херсон облысының Новокаховка ауданы оккупациялық әкімшілігінің юасшысы Владимир Леонтьев әуелгіде плотинаның жарылғанын жоққа шығарып бақты. Бірақ кейін станция плотинасының «бірнеше жерден жырылып кеткенін» мойындады. Ол мұнымен де тоқтамай, ГЭС-тегі бүліншіліктің зор екенін, оларды қалпына келтіру үшін «тап сондай жаңа жұмыс жүргізу керектігін» атап өтті.
Херсон облысы әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин судың бес сағаттан кейін «қауіпті деңгейге дейін көтерілетінін» айтты. Украина президенті Володимир Зеленьский Каховка ГЭС-індегі жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын шақырды.
Мемлекет басшысы Ресейдің Украина Қарулы күштері шабуылға шығардың алдында Каховка су қоймасы плотинасын жаруы мүмкін екенін өткен жылғы қазан айында-ақ ескертіп өткен еді. «Бізде Ресей терроршыларының Каховка гидро-электр станциясы тоғаны мен Каховка агрегаттарын миналап қойғаны жөнінде ақпар бар. Бұл – үлкен электр нысандарының бірі. ГЭС-тің тоғаны 18 миллион текше метрге жуық суды ұстап тұр. Егер ресейлік лаңкестер оны жарып жіберер болса, 80-нен аситам елді мекен, – ішінде Херсонның өзі де бар, – су топанының астында қалады», – деген еді Зеленьский Еуропа одағының саммитінде.
Не айтатыны бар, шағалдар шағалдың тірлігін істейді ғой!