Украина әскерлері соғысқа танкілерді салып, жауды ығыстыра бастады
МӘСКЕУ. 5 маусым. Қарсы шабуылға жарты жылдан астам уақыт мұқият дайындалған Украина Қарулы күштері ақырында сол операцияны бастап кеткен сияқты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Батыс техникасын іске қосқан, соның ішінде немістің «Leopard», британдық «Challenger» және француздың «Leclerc» танкілерін алға салған Қарулы күштер, Украина қорғаныс министрі Ганна Малярдың айтуынша, дүйсенбі күні «бірқатар бағыттар бойынша шабуылды үдете түскен». Олардың ұрыс қимылының эпицентрі Бахмут бағыты болып қала береді. «Біз онда айтарлықтай кең майдан шебімен алға жылжып келеміз. Артықшылықтары бар биіктерді де алып жатырмыз», – деді Маляр.
The Economist журналыныңың жазуынша, шынында жаңа басталған қарсы шабуылдың шеңберінде қызу ұрыс қималдары жүруде. Майдандағы ахуалмен жақсы таныс бір шенеуніктің айтуынша, украин әскерлері Донецк облысының батыс қапталында орналасқан Новодонецк және Велика Новоселка кенттері жанынан 5-6 шақырым ілгері жылжыған.
Украина Қарулы күштері 5 маусым күні таңертең Новодонецкіде болды, дейді журнал тілшісіне украин мәнбесі.
Ұлты – украин, тегі – сатқын, қазір РФ-ға қарасты ДХР дейтіннің «Шығыс» батальонын басқарушы Олександр Ходаковский Украина Қарулы күштерінің бұл соғыста бірінші рет батыс танкілерін пайдаланғанын, Новодонецкіге жақын жерден 30 бронетехника бірлігі құрамынан «Leopard 2» танкісін көргенін айтады.
Ресей қорғаныс министрлігі дүйсенбіге қараған түні украин әскерлері РФ шебін бұзып-жарып өту үшін бес майдан шебінде «кең ауқымды шабуылға» шыққандарын, бірақ күндіз «жаудың беті тойтарылып, бұрынғы позициясына қайтарылып тасталғанын» баяндады.
Бірақ майдандағы шынайы жағдай ресейліктер үшін «өте ауыр» болып тұрғанын Ходаковский мойындап қойды. Украина Қарулы күштері орыстардың осал шептерін тез аңғарып, сол жерлерді жарып өту үшін қосымша күштер жіберуді ұйымдастырып жатқан көрінеді. Олар осылай Новодонецкіге «тіркеліп» алған.
Малярдың айтуынша, украиндар Бахмут бағытында 1,6 шақырым жерді басып алып үлгерген. Олардың қысымдары артып келеді. Украин әскерлері осымен бір мезгілде Запорожье бағытында да қорғаныс щебін бұзып өтуге әрекет жасап жатыр. Олар Азау теңізі жағалауына дейін жетіп алу үшін Время шығанағы ауданында ұрыс салуда. Бұл жағдайда Қырымға құрғақпен баратын жол біржола кесіліп, оқшауланып қалады. Бұдан ары Керчь көпірін талқандап тастау да еш қиындық туғызбайды.
Рашистік Z әскери тілшілері шабуылға қатысып жатқан украин армиясының қысымы оның барысында екі есеге дейін артқанын айтып отыр. Егер бұрын Украина Қарулы күштері мұндай соғыста ең көп дегенде, бір взвод танк қана шығарып келген болса, бұл жолы бір немесе екі танк ротасын (10-16 танк) қатыстыра бастаған. Оларға сол мезгілде бірнеше ондаған бронетехника қолдау көрсетіп тұрады. Оларды MaxxPro және HMMWV броневиктері, сондай-ақ жеңіл шынжыр табанды, тіркемелі БТР М113 құрайды.
Егер шынымен бұл украин шабуылының басы болса, ол 1944 жылы одақтастардың Нормандияға десант түсірген күнімен сәйкес келеді екен.
Украина бұл соғысқа «өте жақсы дайындалды» деді АҚШ штабы бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли CNN телеарнасына берген сұхбатында.