Генерал Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айрылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. Елден қашып кетіп, Түркиядан қайта жеткізілген Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Ол жазасын орта дәрежелі қауіпсіз мекемеде өтейді.
Өткен жылғы қаңтар оқиғалары ісінің фигуранты ретінде сотқа тартылған қашақ генералды айыптау үкімі бейсенбі күні оқылды.
Кеше, 27 сәуір, бейсенбі күні Күдебаев Түркияда ұсталып, арнайы ұшақпен Ыстанбұлдан Алматыға жеткізілді. Кейінірек бас прокурор Берік Асылов оның ұсталғанын растады. Бұдан соң қашқын айыпталушы Талдықорғандағы уақытша ұстау оқшаулағышына жатқызылды.
28 сәуір күні туған-туыстары Күдебаев Қазақстан күштік құрылымдарына өз еркімен келіп берілді деген әңгіме таратты. Алайда, бас прокуратура бұл мәлімдеменің шындықпен мүлде жанаспайтынын бірден жоққа шығарды, құқық қорғау органдарының ақпарынша, ол қайта Түркия билігінен тұруға ықтиярхат сұрап, өтініш жазып қойған көрінеді. Сол күні облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы сотта сөйлеген соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желі пайдаланушылар осы тұста Талдықорғанда орын алған ішкі істер департаменті тергеушілерінің күдіктілерге үтік басып, азаптау операциясының басында Күдебаевтың тұрғанын, оның сол қорлық көрсету кездерін өз көзімен көргенін жазып жатыр.