Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Илон Маск Украинаға көмек ретінде 100 млн доллар ақша аударды

ВАШИНГТОН. 24 сәуір. Америкалық миллиардер Илон Маск РФ армиясымен соғысып жатқан Украинаға көмек ретінде 100 млн доллар қаржы жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы шетел ресурстары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өнертапқыш миллиардер жексенбі күні аты әлемге танымал жазушы Стивен Кингпен әңгіме барысында Украинаға 100 млн доллар жөнелткеніне назар аудартты.

«Мен Украинаға 100 млн доллардың қайырымын жасадым, ал сен қанша ақшаңды садақа еттің? Айтқандай, біз [АҚШ] Қорғаныс министрлігінің ақшасынан бас тарттық», – деді ол қаламгерге қарап.

Илон Масктің жақында ғарышқа ұшырған әуе кемесі апатқа ұшырап, өзі миллиардтаған доллар шығынға батты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button