Шешен лидері Кадыров өзіне өзі «Шешенстан батыры» атағын берді
ГРОЗНЫЙ. 26 ақпан. Ресейдің Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Кадыров өзін өзі «Шешенстан батыры» атағымен марапаттап, оның медалін алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
ТАСС агенттігінің ақпарынша, Рамзан Кадыров «Шешенстан Республикасының батыры» атағын өткен жылдың қараша айында белгілеген екен.
Медальды тапсыру рәсімі Ресейдің Отан қорғаушылары күніне арналған шараның аясында атқарылған.
Атақты беру туралы ережеге сәйкес, ол «қаһармандық ерлік» жасағандарға берілуге тиіс. Бірақ Кадыровтың бұл атақты алатындай қандай ерлік жасай қойғаны айтылмайды.
«Сізді республиканың жоғары марапаты – Шешенстан республикасының №1 батыры атағын алуыңызбен Шешенстан республикасы парламентінің депутаттары атынан және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын! Сіздің Шешенстан республикасы мен Ресей Федерациясы алдындағы еңбектеріңізді бағаламау мүмкін емес, олар ешбір асырып айтпағанда да, арнайы зерттеуге лайық», – деді Шешенстан парламентінің басшысы Магомед Даудов.
«Шешенстан республикасының батыры» медалі 750-ші өлшемді 70 грамм алтыннан дайындалған сегіз бұрышты жұлдыз. Оның негізгі бөлігінің жоғарғы жағында «батыр» деген мағынаны беретін «къонах» деген сөз жазылған. Ал төменгі жағын «Аллаху Акбар. Ахмат – деген күш» деген ұран безендіріп тұр. Награданың келесі бетінен «Шешенстан республикасының батыры» деген жазуды оқуға болады.
«Шешенстан батыры» атағының иегеріне арнайы жеңілдіктер мен ақшалай төлем беріледі.
Дәсәуілгі кезде, Кадыровтың өзінің түсіндіруінше, медаль Украинадағы соғыста «көзге түскен» жауынгерлерге беріледі деп жоспарластырылған екен.
Алайда украин жеріне барған шешен содырлары, шамасы, одан гөрі жергілікті жұртқа зорлық-зомбылық жасауларымен, халықты тонауларымен, сондай-ақ алғы шептен алыста жүріп, тик-ток түсірушіліктерімен көбірек танылып кеткеннен кейін «таза соғысқан» ешкімді таппағасын, Рамзан Кадыров ең алдымен өзін «наградтай» салуға шешім қабылдаған сияқты.
.