Кез келген үлкен қақтығысқа, текетіреске, қанды қырғынға титтей ғана нәрсе себеп болады. Бірақ оның артында, астарында көптен бері қордаланып, шешілмей келе жатқан зор әлеуметтік мәселелер жатады.
Кешегі Қордай жерінде орын алған қақтығыстың да осындай себебі бар. Өзіміз көзімізбен барып көрмегесін көп нәрсені тікесінен тік қойып айтуды жөн көрмей отырмыз. Дегенмен, осының бәрінің түп тамыры біздің тәуелсіздік жылдарынан бері орын алып келе жатқан әлеуметтік әділетсіздіктен шыққанын тағы айтпай тұра алмаймыз. Себебі, бұл – айдан анық жайт.
Айтылып отырған Қордай ауданының айналасында сонау 80-ші жылдардың басында тұрғанбыз. Жерінің аумағында ерсілі-қарсылы жүргенбіз. Сондықтан мұндағы сол замандардағы ахуалды біршама жақсы білеміз. Біздің сол кезде байқағанымыз, бұл ауданды қазақтар басшы болып билегенімен, күнделікті тұрмыс-тіршілікте басқа ұлт өкілдерінің үстемдігі айқын білініп тұратын. Тіпті қазақ өзін осы жерлердің егесі сезіне алмайтындай күйде жүретін еді. Сол қыжылды да бастан өткердік.
Жарайды, мұны сол кездегі кеңес билігінің саясатына тели салайық. Қазақстанды билеген басшы да сол кезде жалтақ болды, оған қарап біз де жалтақ болдық, бәрін ішімізге жұтып келдік. Ал ел тәуелсіздігін алған отыз жылдың ішінде не болды? Ештеңе де болмапты. Сол баяғы дұңғандар әлі қазақ тілін үйренбепті, қазақты менсінбеуін қоймапты. Мұны аз десеңіз, кеше біреулері тіпті «Бізді апарып Ресейге қосыңдар» деп сандалып отыр. Осының өзі қазақты мойындамаудың нақты көрінісі ғой.
Мұның бәрі – Назарбаевтың Қазақстанды отыз жыл бойы жатқызып-тұрғызған, қазақты өзге ұлттардың алдына ұдайы жығып беріп отырған сұрқия саясатының арқасы. Әйтпесе, осы елдің құраушы ұлты болып табылатын қазақты келімсек жұрттың сыйлайтын, оған құрметпен қарайтын уақыты болды.
Әлеуметтік желіде біреулер «Қазақстан, әзірге біз осында тұрғанда, қазақтар сияқты өзбектің де, ұйғырдың да, дұңғанның да, орыстың да дәл сондай отаны» деп жазыпты. Vizion.kz деген бір сайтта. Рас, Қазақстан – біздің жерімізде тұратын барлық басқа да халықтардың ортақ отаны. Оған шәк жоқ. Бірақ сол халықтар осы жердегі өздерінің жауапкершілігін де дәл солай сезінулері керек, олар ең алдымен осы мемлекетті құрайтын ұлтты сыйлау білулері керек. Ал бұл сыйластық ең алдымен сол ұлттың тілін, яғни мемлекеттік тілді білуден, сыйлаудан басталады. Бұдан басқасының бәрі – бос сөз. Бұдан кейін олардың ақталуға да реттері жоқ. Одан кейінгі сөзді біз қабылдай алмасақ керек.
Сонда да болса, біздің жерімізде тұратын кез келген этнос өкілі бұл аумақтың біздің ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып қалып, оның бүгінгі ұрпағына тиесілі болғанын да жадтарынан бір де шығармаулары тиіс. Біз әлдеқандай бір себептермен осында келіп, тұрақтап қалған кез келген келімсекті осы жердің бір егесі санауға тиісті емеспіз. Оған моральдық құқымыз да жоқ. Бұл жердің шын иесі – қазақ халқы. Оны бізге берген бұрынғы және қазіргі президент те емес.
Кешегі Одақтың кезінде де, бүгінгі Ресейде де орыс халқына қарсы шығып, көтеріліп шыққан бір ұлт не ұлыс болды ма? Жоқ. Болған емес. Себебі, олар солар осы елдің негізгі құраушы ұлты кім екенін өте жақсы білді. Ал сол дәстүр қазір неге біздің Қазақстанда сақталмайды? Неге қазақтың ең шұрайлы, шүйгін жерлерінде отырған басқа нәсілдер қазақтың өзін сыйламайды, оның ары мен намысын жоғары көтермейді? Әйтпесе, тарих өліп қалған жоқ, біз осы бөтен халықтардың бәрінің қазақ жеріне қашан және қандай жағдайда келгендерін жақсы білеміз. Басқыншылық жолымен жеткен орыстардан басқаларының бәрі осында алақан жайып келгендерін біз әлі ұмыта қойған жоқпыз. Соның ішінде Қытайдағы бір туғандарынан бас сауғалап қашып келген дұңғандар қалай келіп еді? Мұны естен шығару – адамның ата-анасын ұмытуымен бірдей нәрсе.
Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Осы «неблогодарный» халықтардың арасында да жақсы адамдар бар шығар. Лайым болсын. Бірақ мен осы кезде 1989 жылдың мамыр айында Фарғона (өзбектер өздері бұл жерді осылай атайды – С.П.) жазығында орын алған өзбек-түрік қақтығысын еске түсіре кеткім келеді. Сол аймақтың Кувасай деген жерінде орын алған бұл қанды қырғынға әбден мейманасы тасыған, байып біткен месхет түріктерінің шектен шыққан бейбастықтары себепкерлік еткен. Олар алдымен базарда бір өзбек шалын таяққа жыққан, сосыен сыраханада өзбек жігіттерінің саптыаяғына өздерінің дәреттерін құйып берген. Тура біздің өзіміз сияқты момын өзбектер содан түп көтерілді. Елдің сол кездегі басшысы Рафик Нишанов та ер екен, бір түнде бүкіл түріктерді елден көшіріп жіберді. Сол оқиғаға әлі күнге дейін риза боламын.
Мұндай жағдай Қазақстанда да орын алды. Біз сол кездегі Жаңаөзен оқиғасын білеміз. Кавказдық келімсектер соның арқасында жерімізден тазартылды. Бұдан кейін Семей жеріндегі, Алматы түбіндегі шешендермен қақтығысты ұмыта қойған жоқпыз. Сол шайқастардың бәрінде өзінің ары таза қазақтардың айбыны асып шықты. Аққа Құдай қашанда жақ.
Қазақ ешқашан өзі өзге халықтарға зиян келтіріп көрген емес. Ол өзінің шыдамы жеткен жерге дейін құдайлығына жығылады. До поры, до времени…
Қазақ жалпы өзінің табиғатынан көнбіс халық. Бірақ оның көнбістігін бұлайша пайдалана беруге болмайды. Әр нәрсенің шегі бар. Ал қазақ көтерілсе, оны ешкім тоқтата алмайды.
Мен өз басым Қордай оқиғасынан қазақтың кінәсін көріп отырған жоқпын. Сексенге келіп қалған ақсақалды екі баласымен қосы ту-талақай етіп сабау деген – нағыз шектен шыққандықтың белгісі. Бұдан артық басынушылық болмайды. Бұл – бүкіл елді, халықты, ұлтты менсінбеу, бүкіл қазақтың бетіне түкіру. Бұл – «Сен маған не істей аласың?» деген астамшылықтың салқыны. Демек, елге осы кезге дейін нақты еге болмаған. Жемқорлық пен парақорлық жайлаған елде осы кезге дейін жанашыр басшының болмағаны да рас қой. Қарақан басы мен әулетінің өлгенше байығанын күйттегеннен басқа мақсаты болмаған басшыдан бұдан артықты күту де артық шығар. Осының бәріне біздің өзіміз кінәліміз.
Мен президенттің осы оқиғаға байланысты қолданып жатқан шараларына қатысты ешқандай бөтен сөз айта алмаймын. Ол – елдің басшысы, ему виднее, бірақ Асқар Мырзахметов секілді азамат жерде жатқан жоқ, ол біздің мынау бұзылған дүниедегі бұзылмай қалған азаматтарымыздың бірі. Ол тіпті келешек елдің президенті болып жатса да, таң қалмас едім. Әзірге абзал азаматтың аты жолдан жығылмасын. Мына оқиғаға байланысты «құрбандық» керек болған шығар…
Бірақ, «айтпаса сөздің атасы өледі», Қасым-Жомарттың да, Бердібектің әбден мейманасы тасып, тоқшылықтан шеңбірік атқан жұрттың алдына түсіп, мәймөңкелегендері титтей де ұнаған жоқ. Құдай ақы. Кеткен келімсекті жалынып шақыратындай басымызға не күн туды? Біз өзге жұртқа жалпақтап ел бола алмаймыз. Оны ада-күде қою керек… Тым құрымаса, сол кеңес кезеңіндегі Нишанов құрлы да бола алмадық-ау… деп ойлап қоям қазір. Біреуге жағыну, жақсы атты көріну үшін өмір сүргенді де қою керек. Паққас.
Айналайын, қазақ! Қазаққа қазақтан өткен туыс-бауыр жоқ. Осыны ұмытпа. Бұған әбден көз жетті. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген Абай атамыз қандай данышпан еді. Сондықтан жүз-жүзге, ру-руға бөлінгенді қоятын уақыт жетті. Бәріміз қайда да бір болайық.
Бір нәрсе айқын: Бұл бір күнде туып, бола салған оқиға емес. Бұған дұңған жағы ұзақ уақыт дайын болып келген. Ал қазақ жағы ұзақ уақыт осыған шыдап келген. Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады. Енді шөлмектің қашан сынатынын күтіп отыруға болмайды.
Қордай оқиғасы біздің бәрімізге сабақ болуы қажет. Кеңес кезеңіндегі комплекстен ажырау керек. Біз коммунистік қоғамнан баяғыда бас тартқанбыз. Сосын қазақ өз жерінде ешқашан өгейлік көрмеуге тиіс.
Серік ПІРНАЗАР