Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

АҚШ Путин үшін «Нюрнбергтің» екі нұсқасын дайындап отыр

ВАШИНГТОН. 8 желтоқсан. АҚШ президенті әкімшілігіндегі құзіретті тұлғалар РФ басшылығын Украинадағы соғыс қылмыстары үшін жазаға тартуға ынталы. Бұл туралы The Moskoy News хабарлады.

Ақ үйде Владимир Путин бастаған Ресей көсемдерін қылмыстық жауапқа тарту үшін арнайы трибунал құру керектігін қолдайтындар қатары барған сайын көбейіп келеді. «Олар мұндай соттың екі түрлі варианты төңірегінде сөз қозғап жүр», – деп жазды The Guardian газеті АҚШ-тың кең ауқымды қылмыстық сот саласындағы айрықша тапсырмалар бойынша елшісі Бет Ван Шактың сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Бұл – президент [Украина] Зеленьскийді қатты алаңдататып отырған нәрсе. Бұл – Украинаның қалап отырған нәрсесі», – деді Ван Шак. Оның айтуынша, қазір Байденнің әкімшілігі «барлық аспектілерді» қарастыруда және осы аралықта қабылданған бірқатар шараларды жүзеге асыру керектігін мойындайды, «айрықша маңыздысы – айғақтарды толық сақтап қалу».

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің Украинада жасап жатқан соғыс қылмыстарын тексеруді биылғы наурыз айында бастап кетті. Алайда ол нақты бір қылмыстар бойынша күдіктілерді ғана зерттей алады. Сондықтан Украина мен Еуропаның бірқатар елдері Ресей басшылығы үшін жеке трибунал құру керектігін алға тартып жатыр.

Ван Шактың айтуына қарағанда, қазір батыс дипломаттары ондай трибуналдың екі нұсқасын ұсынуда. Бірінші вариант бойынша іс Украина мен БҰҰ-ның екі жақты келісім жасасуы арқылы жүргізілуі керек. Бұған «барша халықаралық қауымдастықты саяси жағынан қолдауды қамтамасыз ететін» Бас ассамблеяның бірқатар мәселелерге келісімі қажет.

Екінші вариант бойынша Украина Еуропа одағымен және Еуропа кеңесімен бірге ішкі сот құрады. Мұндай трибунал БҰҰ-ның Бас ассамблеясының дауыс беруі арқылы қосымша қолдау алады.

Екі трибунал да «шектеулі мөлшердегі айыпталушыларды, онда да жоғары саяси басшылықты, бұған қоса, кейбір жоғары лауазымды әскери қайраткерлерді» соттайтын болады, деді Ван Шак.

Қазір БҰҰ Ресей үшін трибунал құру туралы қарардың жобасын дайындап қойды. Алайда оған қарсылар да бар. Қарсы болатындар бұл арқылы Халықаралық қылмыстық соттың (Гаагадағы) мәртебесін түсіріп жіберуге болады деп есептейді. Бұл тағы Кремльдің соғыс қимылдарын тоқтатып, келіссөз үстеліне отырудан бас тарту ықтималдылығын арттырып жібереді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button