Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Катарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

ӘЛ-ХАУР. 20 қараша. Катардың Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында футболдан әлем чемпионатының салтанатты сәті болып өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ұйымдастырушылардың жоспарында ән әлемінің жұлдыздары Дуа Липаны немесе Шакираны салтанатқа қатыстыру болып еді, алайда, олар бұдан бас тартқан болып шықты.

Мұның есесіне, АҚШ-тың белгілі актері, Оскар сыйлығының лауреаты Морган Фриман мен Кореяның BTS тобының әншісі Чонгук салтанаттың бас қаһармандарына айналды.

Турнирдің бойтұмары арабтың дәстүрлі бас киімі – куфии болып жарияланды. Стадионда оның да көрініс тапқан кезі кезікті.

Салтанат Катардың әмірі Тамим бин Хамад Әл Танидың құттықтау сөзімен және аспанға отшашулар атумен аяқталды.

Бұдан кейін жасыл алаңға Катар және Эквадор құрамалары шықты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button