Украина армиясы басты шайқастың Донбаста өтіп жатқанын айтты
КИЕВ. 20 қазан. Украина Қарулы күштерінің бас штабы қазіргі кезде майдандағы басты шайқастардың Донбасс жерінде жүріп жатқанын жеткізді. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
«Әзірге ресейліктердің кең ауқымда шабуыл жасап жатқаны жайлы айта алмаймыз, бірақ негізгі ұрыс қимылдары Донбаста, екі жақтың түйісуі Днепр бойында жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің өкілі Юрий Игнат телемарофон эфирінде осыған қатысты бірқатар тұжырымдар айтты.
«Ресейліктер қазір барын салып шабуылдауға кірісті. Бірақ ілгері жылжыған түктері жоқ. Мұны бұлар, біріншіден, өздері басып алған жалғыз облыс орталығы – Херсонды беріп қойғаннан кейін соның орнын толтырмақ, жұртшылық алдында ақталмақ ниетте жасап жатса, екіншіден, осылай біраз тықсырып алып барып, бізді келіссөз жүргізуге мәжбүр етпекші. Соғыс қимылдары негізінен Донбасс өңірін қамтып отыр. Екі жақ та бұған барын салуда. Жау өлген-тірілгендеріне қарар емес. Біз де олардан тайсалып жатқан жоқпыз. Қайта майдан шебін біршама тұрақтандырып алдық. Әзірге ұрыс қимылдарының түйісу нүктесі Днепр өзені болып тұр. Қалғанын уақыт көрсетеді», – деді ол.
Сарапшы ресейліктердің Бахмут және Авдеевка бағыттарында ғана шабуылдай алып жатқандарын айтты.