Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Зеленский мен Украина халқы Сахаров атындағы сыйлыққа ие болды
БРЮССЕЛЬ. 20 қазан. Украина президенті Володимир Зеленский мен украин халқы Еуропарламенттің академик Андрей Сахаров атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Жаңалықты Еуропа парламентінің райысы Роберт Мецола Twitter-дегі парақшасында жариялады.
Өзінің сөйлеген сөзінде ол украиндардың тоғыз айдан бері басқыншы жаудан өз отанын ғана емес, сонымен бірге бүкіл Еуропаны жанқиярлық ерлікпен қорғап жатқанын атап көрсетті.
Академик Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындады. Ол күллі жер бетінде адам құқығын қорғау жөніндегі күреске айтарлықтай үлес қосқан тұлғаға беріледі.