Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Тұрандықтар Мемлекет басшысын құрылтайға шақырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

2019 жылы алғашқы президенттік қадамдарыңыздың бірінде Қызылорда аймағына қадам басып, әлемдік мәселе Арал тағдырына тоқталып, «Көкарал бөгеті бұзылмасын, бұзылса 27 млрд текше шақырым судан айырыламыз. Бұл мәселені Үкіметке және облыс әкіміне тапсырамын» деген едіңіз. Содан бері үш жыл өтті, су азайып, 20 млрд текше шақырым су қалды. Бөгетті бекіту басталған жоқ.

Биылғы «Тұран ойпаты – Арал теңізі» ҚБ-мен ұйымдастырған алты айлық экологиялық акция – «Аралға су келе ме?» экомарофоны (15.05.2022) аясында келген Аралдағы Қазақ-Өзбек парламенттері депутаттарының көшпелі отырысынан соң Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мырза Сіз айтқан сөзіңіздің ізімен Көкарал бөгетінің қауіпті жағдайын көзі жетіп, облыс әкімдігінің сұрауымен бөгетті бекітуге 5 млрд бөлетінін ашық жариялады.

Бастапқы 500 млн теңгесі бөлінгенін және бір көзден бастапқы шартты жұмыстарды атқаруға берілгенін республикалық Су шаруашылығы мамандары жеке кездесуде айтып жеткізді. Қуаныштымыз.

Алайда облыс әкімдігінің арнайы жарияланымға шығарғанын байқамадық. Халықаралық экологиялық нормалар және Экологиялық кодекске сай экологиялық жағдаяттардың ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс еді.

«Тұран ойпаты – Арал теңізі» ҚБ-нің келесі қадамы 15.05.2023 жылы Арал қаласында «Арал-ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ» атты экономикалық форумын өткізу. Осы форумға Сізді ҚР Президенті ретінде шақыру болмақ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында Рио-де-Жанейро, 1992 жылы қабылданған «Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио декларациясының» 22-қағидасына сай:

Жергілікті халықтар мен олардың қауымдастықтары, сондай-ақ басқа жергілікті қауымдастықтар өздерінің білімдері мен дәстүрлі тәжірибелерінің арқасында қоршаған ортаны басқару мен жақсартуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттер өздерінің сәйкестіктерін, мәдениеттері мен мүдделерін мойындап, дұрыс қолдау көрсетуі және олардың тұрақты дамуға қол жеткізуге тиімді қатысуын қамтамасыз етуі керек.

Сіздің халықаралық нормалар мен экологиялық қағидаттарға басымдық жасау қарапайым адами қатынастардың қалыптасуына ұмтылысыңыз қуантады және сенім ұялатады. Іс жүзінде жүзеге асатын шаралар нәтижесінде теңізіміз толады деп сенеміз. Жаңа Қазақстан – экологиялық апаттан, Кіші Арал теңізін құрғатудан басталуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы 06.10.2022 ж. Заңымен «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісім (20.06.2012 ж. Рио-де-Жанейро)» ратификацияланды. Бұл ретте мемлекет қоқыссыз «жасыл экономика» қағидатын ұстануды міндетіне алды.

Тұрандықтар, БҰҰ-ның 18.05.2021 ж. «Арал өңірі экологиялық инновация және технологиялар аймағы» деген қарарына сүйеніп, Арал өңіріне жаңаша өркендеуіне көмек берер деп үміттенеді.

Қазақстан Республикасы әлемдік үрдістен тыс қалмайтындығына сенгендіктен Арал қаласында «Халықаралық экологиялық инновация және технологиялар университеті» салынса, осы университет экологиялық инновация мен технологиялар туралы білім берсе, өңірімізде «жасыл экономика» бағытында нақты экономикалық шараларды қолға алса дейміз.

Арал өңіріндегі экологиялық инновация және технологиялардың қолға алынуын 10 жылға белгіленген ЕЭА-қа жүктесе, басқаруын БҰҰ мен қатар басқару ұсынылса, жаңа Арал қаласы салынар еді, біліммен қатар, жасыл экономика (жел, күн ж.б. энергия көздері) дамуының үлгісіне болар еді.

Тұрандықтардың үшінші шарасы 2014 жылы «Ұлттық құрылтай – Қарақұм құрылтайы» деген атаумен барша қазақтың рухани азығы тарихи шараға атсалысу.

1710 жылғы Әз-Тәуке хан басшылық еткен, үш би – Төле би, Қазбек би, Әйтеке би қатысқан, Әбілқайырды Кіші жүз ханы сайлап, Бөкенбайда бас сарбаз сайлап, жоңғар шапқыншылығына қарсы елді жұмылдыру жиыны туралы және басқа тарихи тың деректерді ел игілігіне ұсынбақшымыз.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Мемлекет басшысының ел аралап келуі, жергілікті басшыларды бір сілкіп алары бар, тіпті орталық биліктің олардың сұрауын қаржыландыруды жеңілдететіні де бар.

Сондықтан Арал өңіріне қатысты әрбір бастамаларды жеке бақылауыңызға алып, 2023 жылғы «Арал -ЕЭА» халықаралық экономикалық форумына, 2024 жылғы Ұлттық құрылтай – Қарақұм құрылтайы Арал өңірінде өзіңіздің қатысуыңызбен өткізілуі туралы өтініш білдіргіміз келеді.

СӨЗІҢІЗГЕ  СЕНДІК, ІСІҢІЗ  БЕКІТСІН

«Тұран ойпаты – Арал теңізі» ҚБ  аппарат басшысы:  Уәлихан Жұмағұлов                                            

ҚБ. БСН: 200 340 023 107 Сымтетік: +7 (707) 743 26 48                                                             

ЖСН: 590606301498

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button