26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлияның бұрынғы күйеуі туралы тағы бір дерек

7 Ақпан 2020 20:23
- Жаңалықтар, Тіршілік
Әлияның бұрынғы күйеуі туралы тағы бір дерек
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 7 ақпан. Кейін белгілі болғанындай, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Айдар Ақаев ауруханада емес, өзінің Мәскеудегі Рублевка аумағында орналасқан үйінде жантәсілім еткен болып шықты. Бұл туралы «РЕН ТВ» телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Мәскеу түбіндегі өз коттеджінде қайтыс болған. Ол Рублево-Успен тасжолының бойындағы коттедждер қалашығында 6 ақпан күні өмірден өткен.

БАҚ бұдан бұрын хабарлағанындай, ол жүрегі кенет тоқтап қалуы себепті бақиға кеткен..

Осы оқиғаға байланысты қырғыздың «AKIpress» сайты Айдар Ақаев туралы «Аскар Акаев. Баловень судьбы» («Асқар Ақаев. Тағдырдың еркесі») деген сараптамалық мақала жариялады. Онда Қырғызстанның бірінші президентінің тұңғыш ұлы туралы біршама мағлұматтар беріледі.

Әкесі мен шешесі Ленинградта аспирантурада оқып жүрген кезде, 1976 жылы 20 ақпанда туған Айдар мектеп бітіргеннен кейін жұрттың бәрінің қолы жете бермейтін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына, яғни МГИМО-ға оқуға түседі. Кейін оқуын Америкада жалғастырып, 1999 жылы Мэриленд университетін бітіріп шығады.

Айдар елге келгеннен кейін Асқардан туған басқа да балалар сияқты елдің бақылауында жүреді. Бұл аралықта ол түнгі клубтар мен ресторандарда шуылдатып жүруімен есте қалған екен. Мұны қоғам ұдайы талқылап, сынға алып отыратын болған.

Дегенмен, Айдардың аты алғаш рет әулеттер арасындағы той арқылы бірден аспандап кетеді. Нақтысын айтқанда, 1998 жылы Айдар Қазақстанның сол кездегі «күн көсемі» – Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлиямен үйленуі нәтижесінде бір мезетте әлем білетін тұлғаға айналып шыға келеді. Алайда, екі жақтың президент-құдаларының қалауымен болған бұл некенің ғұмыры тым ұзаққа созылмайды. Дәлірегі, екі жақтың тәнтейі, яғни еркесі атанған екі жастың бастары төсекте қосылғанмен, өмірде осылып кете береді. Сөйтіп, олар 2001 жылы айырылысып тынады. Бәлки, бұған құдалардың қатыстары да болған шығар…

Арада бірқатар уақыт өткеннен кейін Айдар өзінің нағыз өмірлік серігін табады. Ол бұл жолы өз еркімен Қырғызстанға белгілі тележүргізуші Сайқал Чокубаевамен тағдыр қосады.

Айдар Қырғызстанда жүрген кезінде әкесінің ықпалын пайдаланып, бизнеспен айналысады. Ол 23 жасында «Казкоммерцбанктің» өкілі болады. 2001 жылы Қаржы министрінің кеңесшісі деген орынға жайғасады.

2004 жылы Асқар Ақаев балаларын үлкен саясатқа араластыруға шешім қабылдайды. Ол мұны өзіне «ізбасар» дайындау мақсатында қолға алған сияқты. Осылайша оның үлкен балалары Бермет пен Айдар 2005 жылы президенттік «Алға, Қырғызстан» партиясына кіріп, Жогорку Кенеш депутаттығына сайлауға қатысады. Бермет №1 Университет сайлау округінен түсіп, кейін уақытша президенттік қызмет атқаратын Роза Отунбаевамен бәсекелес болады. Бірақ артынша Отунбаева әлдеқандай бір ойдан шығарылған сылтаумен шығарылып тасталып, Бермет сайлауда жеңіп шығады. Ал Айдар оған қарағанда, жеңілдеу жолмен жүріп өтіп, №57 Кемине сайлау округінен жеңімпаз атанады.

Бірақ Айдар Ақаев Жогорку Кенештің отырысына бір-ақ рет – 2005 жылғы 20 наурызда депутаттық куәлік алар кезде ғана қатысып, одан кейін жұмысқа мүлде бармай қояды. Ол мұны кейін өзінің саясатпен айналысқысы келмейтінімен түсіндіреді.

Қырғызстандағы 2005 жылғы 24 наурыздағы сайлау барынша былыққа толы болып өтуімен тарихта қалды. Осыдан кейін елде жаппай қарсылық қозғалысы басталып кетті. Соның салдарынан Асқар Ақаев пен оның отбасы бір сәтте елді тастап, Ресейге шұғыл қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәскеуге жетіп алғасын бірнеше күннен кейін Ақаев өзінің президенттік өкілдігін қоятыны туралы телеүндеу жариялады.

Қырғызстан осылайша биліктің бірінші рет ауысуын бастан кешті. Мұның соңы бұрынғы билік өкілдеріне қатысты жазалау шараларының өмірге келуіне жол берді. Бас прокуратура Ақаевпен кімдердің тығыз байланысты болып, қылмыс жасағандарын анықтады. Сонда Айдардың да есімі сол тізімнің бел ортасында жүрді. Ол мемлекет қаржысын жымқыру фактісі бойынша бірнеше істе көрініп тұрды. Бірақ Мәскеуге кетіп қалуына байланысты қырғыз Фемидасының құрығынан құтылып кетті.

Таңбалар: Айдар АқаевҚырғызстансайлаусот

Ұқсас мақалалар

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді
Әлеумет

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді

23.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist