Британия Украинаға жоғары дәлдікті қорғаныс қаруларын жібереді
ЛОНДОН. 14 қазан. Ұлыбритания Путин бейбіт халықты зымыранмен қырып жатқаннан кейін Украинаға жоғары технологиялы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін бермекші болып жатыр. Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.
Ресей армиясы сәрсенбі күні Украинаның 40-тан астам қаласын зымыраннан атқылады. Соның нәтижесінде 13 бейбіт тұрғын оққа ұшты.
Генерал Бен Уоллес айтқандай, «Владимир Путиннің Украинаның бейбіт тұрғынды аудандарына бей-берекет берген соққыларына енді лайықты жауап қайтарылуы тиіс».
Ұлыбритания осыған орай Владимир Путиннің бейбіт халыққа жасаған қанды да қатыгез шабуылына қарсы тұра алуы үшін бар күшін салып, Украинаға ракетаға қарсы жоғары технологиялы қорғаныс жүйесін жөнелтетін болады, деді ол.
Ресей ракеталары 40-тан астам қаланы атқылап, 13 бейбіт тұрғынның өмірін жұлып әкетті, 37 адам жарақат алды.
Кремль күштері орта қашықтықты «әуе-жоғары деңгей» класты қанатты жетілдірілген зымырандарды, дрондар мен зенитті басқарылатын ракеталарды пайдаланды.
Енді Ұлыбритания Украинаға аспандағы қанатты зымырандарды атып түсіре алатын орта қашықтықты жетілдірілген «әуе-әуе» класты ракеталарын жіберуге тиіс.