Көп тіл білудің миға келтіретін қандай пайдасы бар?
ТБИЛИСИ. 6 ақпан. Адамдар бірнеше тілді білетін болса, бұл олардың миларының жұмысына оң әсер етеді. Бұл туралы Sputnik-Грузия хабарлады.
Мұндай тұжырымға Ресейдің «Высшая школа экономики» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары белгілі бір зерттеулері нәтижесінде келген. Олар институттың 60 студентін зерттеуге тарту арқылы ғылыми эксперимент жасаған.
Зерттеушілер екі немесе одан да көп тілде сөйлейтіндер мейлінше мұқият келеді және көп қырлы міндеттерді орындауға тез бейімделе алады. Алайда, бір қызығы, барлық эксперименттер мұны растай бермейді екен. Мәселен, Баскілер еліндегі билингв-балалар испанның бір тілде сөйлейтін балаларынан ешқандай артықшылық көрсете алмаған.
«Высшая школа экономики» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мұның былай емес екенін дәлелдеу үшін шетелдік ғалымдармен бірлестікте екітілділіктің артықшылығын дәлелдеуге біраз күш жұмсады. Оның қорытындысы ресейлік ғалымдардың тұжырымдарында рационалды дәнек бар екенін көрсетіп берді.