25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ыстанбұл аэропортында ұшақ апатқа ұшырады

6 Ақпан 2020 19:07
- Жаңалықтар, Тіршілік
Ыстанбұл аэропортында ұшақ апатқа ұшырады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЫСТАНБҰЛ. 6 ақпан. Кеше сәрсенбі күні Ыстанбұлдың Сабихи Гёкчен атындағы аэропортында кешкі сағат 18:00 шамасында ұшу-қону белдеуінің сыртында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Daily Sabah хабарлады.

Лайнер жерге қонып жатқан кезінде отқа оранған. Оның бортында сол кезде 171 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған. Авиакомпания инцидент орын алғасын арада жарты сағаттан кейін ешкімнің қаза таппағанын мәлімдеген. Бірақ кейінірек елдің денсаулық министрі Фахреттин Кока 1 адамның қаза тауып, 157 жолаушының әртүрлі дене жарақатымен бірнеше ауруханаға жеткізілгенін баяндады. Зардап шеккендердің үшеуіне операция жасалған, тағы екеуі реанимацияда жатыр, алайда, олардың өмірлеріне тікелей қауіп жоқ. Аурухана жатқызылғандар арасында екі пилот бар, олардың ахуалдары ауыр.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Түркияның 155 азаматы болған, сонымен бірге АҚШ, Қытай, Ирак, Израиль, Қырғызстан, Швеция, Сирия және Түрікменстан азаматтары ұшып бара жатқан екен.

Сурет кадрларына қарағанда, ұшақ апаттан кейін екі бөлікке бөлініп қалған сияқты. Ал CNN Turk мәліметіне қарағанда, Boeing 737 лайнері тіпті үшке бөлініп кеткен.

Ұшақ Pegasus Airlines компаниясының меншігі екен. Ол Ыстанбұлға Измирден ұшып келе жатқан. Әуе кемесінің пайдаланылып келе жатқанына 11 жыл болыпты.

«Лайнер нашар ауа райы жағдайында қондырылды, елірген желмен бірге жаңбыр селдетіп құйып тұрды», деп жазады «Интерфакс». Ыстанбұл қаласының губернаторы ұшақтың жерден 30-40 метр биікте келе жатқанда жылдамдығын жоғалтып алып, іс жүзінде белдеуге құлап түскенін айтады. Содан кейін ол 30 метрлік биіктен сайға құлдырап құлаған.

Қазір Анкарадағы бас прокуратура инцидентті тексеруге кірісті.

Таңбалар: апатлайнерТүркияЫстанбұл

Ұқсас мақалалар

Украина Ресейдің қорғаныс шебінің осал жерлерін тапты
Көзқарас

Украина Ресейдің қорғаныс шебінің осал жерлерін тапты

02.08.2026
Қырым аспанында Ресейдің тағы бір истребителі құлап түсті
Жаңалықтар

Қырым аспанында Ресейдің тағы бір истребителі құлап түсті

04.04.2026
Алматыда тағы бір фельдшер қыз қызмет үстінде қаза тапты
Жаңалықтар

Алматыда тағы бір фельдшер қыз қызмет үстінде қаза тапты

03.12.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist