Президент Ердоғанды жылатқан кім?
ТАШКЕНТ. 28 қаңтар. Түркия Республикасының президенті Раджаб Тайип Ердоған Сивриж шаһарында орын алған зілзала зардаптарын өз көзімен көргеннен кейін көз жасына тоқтау сала алмай қалды. Бұл туралы Өзбекстанның Qalampir.uz сайты хабарлады.
Желілік басылым өзінің «Президент Эрдўғанни йиғлатган ким?» деп аталған хабарында түрік лидерінің Элязих уәлаятында 25 қаңтар күні түсірілген суретін жариялай отырып, бұл рәсімнің заматында бүкіл әлемді шарлап кеткенін жазады.
Хабарда Ердоғанның 6,8 балдық жер сілкінісі болған жерге барып, онда қаза тапқандар жаназасына қатысқаны айтылады. Соның ішінде Раджаб 9 жасар Мухаммад Солих Живелектің жер сілкінісі салдарынан опат болып кеткенін білгенде, көз жасын тыя алмай қалған. «Зилзила оқибатида Сивриж шаҳрида яшовчи 9 яшар Муҳаммад Солиҳ Живелек ҳам қурбон бўлди. Эрдўған унинг дафн маросимида қатнашиб, болакайнинг бобосига таъзия билдираётиб, унга қўшилиб кўз ёш тўкди», – деп мағлұм етеді мұны баспасөз құралы.
Түркияда 24 қаңтар күні Элязиғ, Малатя уә Диёрбакир уәлаяттарында қуаты 6,8 балл болатын зілзала тіркелген еді. Күшті сілкініс салдарынан 76 ғимарат қираған. Олардың астында жүздеген адам қалған.