25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда коронавирус қауіпті кеселдер тізіміне енгізілді

29 Қаңтар 2020 15:28
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус қауіпті кеселдер тізіміне енгізілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 қаңтар. Қазақстанда коронавирус әлеуметтік мәні бар қауіпті аурулар тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар (…) тізбесі келесі мазмұндағы 17 нөмірмен толықтырылсын: оқшаулауы нақтыланбаған коронавирустық инфекция – В 34.2», – делінген «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасында.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қытайдан келген бес адам Алматы және Ақмола облыстарында жіті респираторлық вирус белгісімен ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар қазақстандық биліктің шұғыл түрде 2,5 млн қарапайым және 1.3 млн респираторлық бетперде сатып алғаны хабарланған еді.
Еске сала кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі орын алды. Соңғы ақпарға сәйкес, қазір 2.7 мың науқас тіркеліп, олардың 80-і көз жұмған. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанда да пневмонияның өршуіне орай әуежайлар мен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейтті. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға коронавирустың таралуына орай Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға кеңес білдірді. Соңғы ақпар бойынша, Қазақстан 61 қазақстандық студентті алып кету үшін ұшақпен баруға Қытайдың келісімін күтіп отыр.
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты. Кейін белгілі болғандай, «Қорғас» ШЫХО коронавирус профилактикасы мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іске қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойына хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы және аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты ақпарат ала алады. Бұған қоса, ел билігі қазақстандықтарға әзірге Қытайға барудан бас тарта тұруға кеңес беруде.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде де ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылды. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады

Таңбалар: аурукоронавирус (covid-19)Қазақстантізім

Ұқсас мақалалар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады
Дәулет

Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

17.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist