Украин сарбаздары оңтүстікте жүзге жуық оккупантты жойды
КИЕВ. 23 шілде. Украина қарулы күштері кеше елдің оңтүстігінде жаудың жүзге жуық жауынгерін жер жастандырып, екі күшті пушканы жойып жберді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Қазір Қара теңіз үстін Ресейдің бортында «Калибр» тектес 16 ракетамен жарақтандырылған екі кораблі қарауылдап жүр.
Украина Қарулы күштері 22 шілдеде оккупанттардың Херсон жеріндегі төрт тірек пунктіне, Николаев аумағындағы адам күштері мен техникаларына төрт рет авиациядан ауыр соққылар жасады.
«Пивдень» жедел командованиесі Facebook-те осылар жайында хабарлап, басқыншылардың айтарлықтай шығынға ұшырағандарын жазды.
«Жаудың 93 рашист, «Град» дүркін отты рееактивті жүйесі, 3 БТР-82, 2 өздігінен жүретін қуатты «Пион» пушкасы, оқ-дәрі тиелген 6 автотехника бірлігі көлемінде шығынға ұшырағаны тіркелді», – делінген мәліметте.
Командование сондай-ақ жаудың десант түсіруге дайындалып жатқанын, сосын өздері шегінген теңіз жағалауларына мина қойып кетіп жатқандарын атап көрсетті.
Ал Украина Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов ресейліктердің Херсон бағытында шабуыл жасағалы жатқаны жайлы қауесетті жоққа шығарды.