Украина Приднестровьені тазалауда Молдоваға көмек беруге дайын
КИЕВ. 23 шілде. Украина бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов украин әскерлері Молдоваға Приднестровьені жаудан тазартуға көмектесе алатынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Буданов мұны жұма күні өткен жалпыұлттық телемарофон кезінде мәлімдеді.
«Мен Молдованың өз территориясындағы оккупациялық әскерлерден құтылуға ұмтылысын қолдаймын. Біз мемлекет және арнайы қызмет ретінде туысқан мемлекеттің өз жеріндегі оккупанттардан құтылуларына барынша көмектесеміз», – деді ол.
Будановтың бұл сөзі мойындалмаған «Приднестровье Молдова Республикасының» «сыртқы істер министрлігінің» басшысы Виталий Игнатьевтің территория Молдовадан бөлініп шығып, Ресейге қосылғысы келетіні жайлы мәлімдемесінен кейін естілді.
Молдова реинтеграция бюросындағылар Игнатьевтің бұл мәлімдемесіне байланысты өз тұжырымдарын білдірді.
«Барлық халықаралық әріптестер мен конституциялық биліктер Молдованың территориялық тұтастығы мен егемендігін оның халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы мөлшерінде құрметтей отырып, Приднестровье шиелінісін бейбіт жолмен реттеудің формуласын шешімді түрде қолдайды», – деп мәлімдеді ведомоство.
Еске сала кетейік, Молдова сыртқы істер министрлігі 21 шілдеде Приднестровьеде орналасқан жедел топ мүшелері деп аталатын Ресей әскерилерінің ел территориясына кірулеріне рұқсат бермегенін растады.