Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украинаға М270 келді, ол HIMARS-пен керемет ұштасады – Резников

КИЕВ. 15 шілде. Украина Қарулы күштері бүгін алыстан ататын М270 дүркін отты ракета жүйесін алды, ол енді HIMARS-пен бірге жаудың талқанын шығарады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Британиядан осындай қуатты қару жеткізілгенін Twitter-де баяндады.

«Британиядан М270 дүркін отты ракета жүйесінің алғашқылары келіп жетті. Ол енді ұрыс даласында HIMARS-пен керемет жұп құрып, оккупанттарды екі жақтап естерінен тандырады», – деп жазды ол.

Резников осындай көмегі үшін әріптестеріне алғыс сезімін білдіріп, енді жауды аяудың болмайтынын ашып айтты.

Маусым айында Ұлыбритания Украинаға осындай қару бергелі жатқанын мәлімдеген болатын. Ол 80 шақырымға дейінгі қашықтықтағы кез келген нысанға дөп тиеді.

29 маусымда Норвегия Қорғаныс министрлігі Украинаның Британиядан осындай қуатты қару алуына ықпал жасады. Бұл үшін Осло Лондонға өзінің дүркін отты реактивті үш жүйе сін беруге уәде етті.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button