Американың HIMARS ракетасының алғашқы легі Украинаға келді
КИЕВ. 24 маусым. Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников АҚШ-тың HIMARS ракетасының алғашқы партиясы келіп жеткенін баяндады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Қорғаныс министрі мұны өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.
«HIMARS Украинаға келіп қойды. Осы қуатты қару үшін америкалық әріптесім әрі досым, қорғаныс министрі Ллойд Остинге рахмет», – деп жазды Резников, енді ресейлік басқыншыларға мына жазды «ыстық» етіп жіберуге уәде бере отырып.
Еске сала кетейік, дүркін-дүркін атылатын HIMARS реактивті жүйесі АҚШ-тың маусым айының басында қабылданған шешіміне сәйкес, 700 млн доллар көлемінде көмек беру пакеті шеңберінде жіберіліп отыр.
Бұдан бұрын Вашингтон бұл ракетаны Ресей территориясындағы нысаналарға қолдануға болмайтынын ескерткен еді. Ал аталмыш жүйе реттеуіне орай 80-300 шақырым арасындағы қашықтыққа дейін барады. Сонымен бірге, АҚШ-тың Украинадағы елшісі украин әскерилерінің оны қолдану қашықтығын өздері белгілейтінін атап өткен болатын.
Маусымның 22-сі Украина әскерилері жаңа қаруды пайдалануға арналған оқу-жаттығу жиынын толық аяқтап шыққандары баяндалды.