Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Венгрия халықаралық қылмыстық соттан шыққанын жариялады

БУДАПЕШТ. 3 сәуір. Венгрия Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) юрисдикциясынан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мажарстан үкіметі мұндай ұйғарымға елге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келгеннен кейін келді. Себебі, Газадағы Халықаралық қылмыстық сот Израильдің Палестинаға қарсы соғысына байланысты Биньямин Нетаньяхуді тұтқындау жөнінде ордер берген болатын.

Сондықтан Венгрия саясаткерді қамауға алып, Гаага сотына беруге міндеттелді. Алайда бұл елдің премьер-министрі Виктор Орбан сот шешімін орындаудан бас тартты, ол мұны «өктем, арсыз және орындауға жатпайтын шешім» деп атады. Бұдан бөлек, ол 2024 жылдың қарашасында Нетаньяхуды тұтқындау жөнінде ордер шыққаннан кейін бірден елге шақырған болатын.

1 сәуірде Әділет министрі Бенце Тужона Будапешттің шетелдік дипломаттарды ХКК-нен шығу ниеті туралы хабардар етіп қойғанын баяндады. Бүкіл процесс бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Венгрия 1999 жылы ХҚК Рим статутына қол қойып, оны 2001 жылы ратификациялады. Сонымен бірге, премьер-министр кеңсесінің басшысы Гергели Гуляш бұл құжат «ешқашан Венгрия заңнамасының бөлігі болмағанын», сондықтан ел сот шешімдерін орындауға міндетті емес екенін мәлімдеді.

Орбан АҚШ президенті Дональд Трамп ақпан айында соттың өзіне және Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берген прокурор Кәрім Ханға санкция салған соң Венгрияның ХКК-дан шығу мүмкіндігін көтерді.

Венгрия Рим статутын ратификациялағанымен, ХКС шешімдерін орындаудан бас тартқан бірінші ел емес. Өткен жылғы қыркүйекте Украинадағы соғысқа қатысты айыппен қамауға алу туралы үкімше ілінген Ресей президенті Владимир Путинді қызыл кілем төсеп, гүл шоқтарымен қарсы алды. Содан кейін ХКК республиканы өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Бұған Моңғолия «қолы байлаулы» екенін мәлімдеп жауап берді, «себебі бұл ел Ресейге энергетика жағынан тәуелді», деп хабарлады Politico.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button