Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Мәскеуде Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев кездесті

МӘСКЕУ. 13 маусым. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл турал qarnews хабарлады.

«Назарбаев Путинмен кездесіп, Ресей күнімен құттықтады», – делінген хабарламада.

Айтуларынша, олардың әңгімелерінің басты тақырыбы Ресей мен Қазақстанның 30 жылға созылған ынтымақтастығы болған.

Екі жақ бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірген.

Айта кетейік, әлеуметтік желідегілердің Қазақстандағы пайдаланушылары тарапында «зейнеткер қарттың» бұл сапарына қолдау білдіріп отырғандар мүлде жоқтың қасы. Олардың барлығы дерлік «мемлекеттік құпияны жан-жақты білетін» бұрынғы президенттің бұлайша шетел кезіп, жауапсыз жүретін сапарларына келіспейтіндіктерін білдіруде.

Желідегі оқырмандар арасында Назарбаевтың өткен жылдың соңғы күндері Ресейде, Санкт-Петербургте болып келгенінен кейін, қаңтар айының басында Қазақстанда жаппай тәртіпсіздік орын алғанын еске түсіріп, «бұл жолы да сондай зобалаң туып кетпей ме екен» деген қауіп білдіріп жатқандар аз емес.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button