18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан құрамасы Словакияны екінші мәрте тізе бүктірді

13 Маусым 2022 22:21
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан құрамасы Словакияны екінші мәрте тізе бүктірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 13 маусым. Бүгін түнде Қазақстан құрамасы Словакия ұлттық командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осымен Қазақстан командасы Словакия құрамасын Ұлттар лигасындағы екінші ойынында да тізе бүктірді. Бұған дейін ол 7 маусым күні бұл жамағатты  словактың Трнава қаласында 1:0 етіп ұтып қайтқан еді.

Осыдан кейін біздің жерлестеріміз жаңа маусымның алғашқы 4 турында 3 рет ұтысқа қол жеткізіп, 1 ойынды тең аяқтап, күзге дейінгі үзіліске шықты. Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді.

13 маусым, дүйсейсенбі. Ұлттар лигасы. С лигасы, 3-топ. 4-тур

Астана (Қазақстан). «Астана-Арена» кешені. 30 000 жанкүйер.

Төреші: Брам Ван Дрише (Бельгия).

Қазақстан: Игорь Шацкий, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров, 73), Ян Вороговский (Рамазан Оразов, 74), Тимур Досмағамбетов, Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев (Темірлан Ерланов, 88), Эльхан Астанов (Юрий Логвиненко, 84), Абат Айымбетов (Максим Самородов, 88).

Словакия: Марек Родак, Юрай Хватал (Вернон Де Марко, 46), Мартин Вельент, Норберт Дьёмбер, Петар Пекарик , Матуш Беро (Ладислав Альмаси, 82), Патрик Грошевски, Юрай Куцка, Ондрей Дуда, Альберт Русняк (Давид Стрелец, 72), Лукаш Гараслин (Томаш Суслов, 89).

Голдар: Ян Вороговский (18), Эльхан Астанов (39), Матуш Беро (51).

Ескертулер: Рамазан Оразов (86) – Норберт Дьёмбер (23), Ондрей Дуда (86), Ладислав Альмаси (90+4), Юрай Куцка (90+5).

Алаңнан қуылу: Ондрей Дуда (87).

Матчтың бірінші таймының ортасында, 18-минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский қақпа алаңында Михаил Габышевтен доп алып, оны тоқтатпастан ұрып, қарсыластар торынан бір-ақ шығарды. Ал 39-минутта жартылай қорғаушы Эльхан Астанов айып алаңында допты баспен ұрып түсіріп, есепті ұлғайтты. Үзілістен кейін, 51-минутта қонақтар бір доптың қарымтасын қайтарды. Словактер хавбегі Матуш Беро айып алаңы ішінде Альберт Русняктан пас алып, оны голға айналдыра білді.

Айта кетуіміз керек, меймандар өте дөрекі ойнады. Осыған орай олардың алған ескертулері де көп болды. Ал Ондрей Дуда 86-минутта «сары қағаз» алып тұрып, келесі минутта біздің ойыншының іштен тепкені үшін алаңнан қуылды. ВАР бұл ойыншыға тек осы тәртіпсіздігі үшін ғана «қызыл қағаз» беруге болатынын көрсетті.

Матчтан кейін екі құраманың бас жаттықтырушылары баспасөз мәслихатын өткізді. Словакия құрамасының жаңа бапкері Самуэль Словак былай деді:

– Біз Қазақстан құрамасының қалай ойнайтынын білдік, өйткені, бірінші матчтан кейін қорытынды шығарып, саралап көрдік, мұндағы атмосфераның қандай болатынын, жанкүйерлерді ескердік. Біз алғашқы 15 минутта ойын тізгінін қолға ұстап едік, бірақ қарсыластарымыз гол соғып кетті. Біз осыдан кейін ойын барысын өзімізге қарай аудармақ болдық, алайда, оның орайы келмеді. Неге ұтылдық? Себебі, Қазақстан құрамасы – жақсы команда. Ол бізбен өткен екі ойында да өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана білді. Оның ойыншылары шабуылда да, қорғаныста да өздерін аямай, барын салып ойнады.

– Қазақстаның топта бірінші орын алуы заңдылық па?

– Иә.

Мәслихат осылай аяқталды.

Енді Ұлттар лигасында қыркүейек айына дейін үзіліс болады. Қазақстан құрамасы келесі жолы – 22 қыркүйекте Беларусь командасын қабылдаса, 25 қыркүйекте Әзербайжан жамағатымен ұшырасады.

Бүгін топтағы Әзербайжан – Беларусь құрамалары өзара кездеседі.

Таңбалар: ҚазақстанСловакияфутбол

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist