Зеленский: Біз Ресей қаруын тастап, сауға сұрайтын күнге кеп қалдық
КИЕВ. 31 мамыр. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің қаруын жиып қойып, келісім сұрайтын нүктеге жақындап келе жатқандарын мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Донбастағы жағдай бұрынғысынша айрықша ауыр күйінде қалып тұр. Ресей армиясы біздің қорғаушыларымыздан күші артық жасақты жинап алып, барынша қатты қысым жасауға әрекеттеніп бағуда. Анда, Донбаста қазір Ресей армиясы шегіне жеткенше көп күшін жинап алған. Северодонецк, Лисичанск, Бахмут, Авдеевка, Курахово, Славянск және тағы бірқатар елді мекендер оккупанттардың тап осы бағыттағы оқ жаудыратын түйінді нысаналары болуда», – деп атап өтті президент.
Зеленский оккупанттардың техникалық және кей жерлерде адам күші жағынан басым болып жатқанына қарамастан, оларға соққы беріп, ерлікпен қорғанып жатқан украин жауынгерлеріне алғыс айтты.
«Ресей әскерлері тағы да Харьковті атқылады. Украина мен Ресей шекарасы арқылы біздің Сумы облысы да атқыланды. Херсон облысы үшін шайқас жалғасып жатыр. Біз біртіндеп қадам басқан сайын жерімізді жаудан босатып, Ресейдің қаруларын тастап, өздерінің өліктерін санап, бітімге келуге шақыратын нүктесіне қарай жақындап келеміз. Ол күн міндетті түрде келеді», – деп атап өтті президент.