РФ Финляндия мен Швецияны ядролық соққымен қорқытпақ болды
МӘСКЕУ. 14 мамыр. Ресейдің Путинге жақын лауазымды тұлғаларының бірі осы екі елді ядролық соққымен қорқытпақ болған. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіре қалса, оларға стратегиялық ракета кешенімен соққы берілетіні жайлы «әзіл айтыпты», – делінген хабарламада.
Ал Рогозин өзінің бұл «әзілін»Telegram-да жазған.
«Ресейдің Финляндия мен Швецияға қатысты жаулық ниеті жоқ, – деп бұған түсіндірме жасады сосын РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко. – «Сарматта» да НАТО елдеріне жаулық көзқарас жоқ. Тек жұмыс сондай».
Анықтама: РС-28 «Сармат» – Ресейдің шахтада орналасатын, ауыр көп сатылы сұйықты, континет аралық баллистикалық ракетасының бесінші буындағы стратегиялық ракета кешені.
Еске сала кетейік:
Соңғы уақыттары Ресей билігі мен насихатшылары ядролық соғыс жөнінде жиі сөз қозғай бастады.
- Мәселен, РФ Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді үдетуі толық сипатты ядролық соғысқа көшудің ықтималдылығын арттырады деп мәлімдеді.
- АҚШ ұлттық барлауының басшысы Эврил Хэйнстің пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин өз әскерінің украин жерінде жеңілгенін жасыру мүмкін болмай қалған жағдайда Украина территориясында тактикалық ядролық қару қолданады.
- Financial Times газетінің мәліметінше, батыс үкіметтері енді Ресейдің ядролық дүрбелең жасауға дайын екеніне күмән келтіре бастады. Сондықтан Украинаны ауыр қарулармен қамтамасыз етуді жеделдетті.
- Солтүстік альянс басшылығында Ресейдің Украинаға ядролық соққы жасайтыны жайлы мәлімет жоқ. ЦРУ директоры Уильям Бернстак бұған көрнекі айғақтардың көрініп тұрмағанын мәлімдеді.