Украина армиясы Изюм бағытында қарсы шабуылға шықты
ХАРЬКОВ. 14 мамыр. Украин әскерлері бүгін Харьков облысындағы Изюм бағытында қарсы шабуылға шықты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Ресей Харьков облысында Украина Қарулы күштерінің тегеурінімен кері шегініп жатыр», – деп баяндады агенттікке Харьков облыстық мемлекеттік әкімгершілік төрағасы Олег Синегубов.
«Ең ыстық нүкте бұрынғысынша Изюм бағыты болып қала береді. Онда біздің Қарулы күштеріміз қарсы шабуылға көшті. Жау бірқатар бағыттар бойынша кері шегінуде. Біздің әскерлеріміздің тегеуріні күшті болып тұр», – деді ол.
Харьков облысындағы қазіргі ахуал мынадай:
*Чугуев, Дергачи, Лозовая және басқа да елді мекендер жаудың ракетамен және артиллериямен атқылауынан зардап шегуде.
*Әзірге қала мен селоларға оралу қауіпті. Себебі, оккупанттар кетерінде оларға мина көміп кеткен. Енді солардан тазартып алуымыз керек.
«Жау кетіп бара жатып, іс жүзінде барлық жерлерді – аулаларды, балалар бақшаларын, тіпті балалар керуеттеріне дейін, орман алқаптарын, жолдың жиектері миналап кеткен. Қазір оларды тазарту жұмыстары жүріп жатыр», – деді Синегубов.
Соған қарамастан, оккупанттар армиясы Донецк, Луганск және Херсон облыстарын басу алу жөніндегі ниеттерінен қайтатын емес. Осы кезде аталған бағыттарда кескілескен ұрыстар жүріп жатыр.
Ресей тарапы да, Украина тарапы да соғыстың үшінші, шешуші фазасы баст алғанын айтуда. Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковтің пікірінше, алдағы апталарда Украина Қарулы күштеріне өз күштеріне сүйенуге тура келеді, ал содан кейін Батыстан ауыр қарулар жеткізіліп, майдандағы күштердің ара салмағы теңеседі.