25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зорлық-зомбылыққа кедейдің балалары көбірек ұрынады

15 Тамыз 2019 20:38
- Жаңалықтар, Құқық
Зорлық-зомбылыққа кедейдің балалары көбірек ұрынады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Астана, 15 тамыз. Бүгін Қазақстан Бас прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі болып өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында құқық қорғау органдарының басшыларымен балаларға қатысты, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы қылмысқа қарсы күрестің мәселелері талқыланды.
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов атап өткендей, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың 90 пайызын тұрмыстары төмен отбасынан шыққандар құрайды. Мұндай әрекеттердің латенттік ахуалына әсер ету уәкілетті қызметтерлер: ювенальдық полиция, педагогтар, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан алдын алу жұмыстарын күшейте түсуді қажет етеді.
Қылмыстарды тергеу мен ашу сапасына байланысты айтылатын ескертулер аз емес. 2015 жылдан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 34 мыңға жуық қылмыстар келіп түскен, олардың 27 пайызы ғана өзінің логикалық аяқталуын таба алды.
Прокурорлар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық туралы істер бойынша заңсыз үзілген 57 тергеуді қалпына келтірді, сондай-ақ тоқтатылған 328 істің күшінің жойылғаны, жасырылған 23 қылмыстың анықталғаны айтылды.
Бірлескен талқылау қорытындылары бойынша өңірлерде полиция қызметкерлері мен прокурорлардың қатарынан аталған қылмыстардың санатын ашуға мамандандырылған жекелеген топтар құру қисынды болады деп танылды.
Бас прокурор осы санаттағы қылмыстардың сапалы тергелуін қамтамасыз етуді және кінәлілердің жазасыз қалмайтындығы қағидасының сақталуына қол жеткізуді тапсырды. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейте түсу туралы Президенттің тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесіне ауысу барысында 2015 жылдан бері жол-көлік оқиғаларынан 11 мың адамның қаза тапқаны, 120 мың адамның әртүрлі жарақаттар алғаны атап өтілді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне бірқатар факторлар ықпал жасайды, олардың қатарында автопарктің күрт өсуі, жолдардың жай-күйі, көліктегі құқық бұзушылықтар профилактикасының босаңдығы және басқалары бар. Бұл ахуал автомектептерде жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігіне және жүргізуші куәліктерін заңсыз алу мүмкіндігіне байланысты шиеленісе түсуде. Мәселен, прокурорлар 3 мыңнан астам адамға жасанды медициналық анықтамалар негізінде, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған 923 адамға жүргізуші куәліктерінің берілу фактілерін анықтады.
Елімізде 833 автомектеп жұмыс істейді, олардың басым көпшілігінің қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ. 3 жыл ішінде құқық қорғау органдары жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыруға байланысты 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеді. 7 млрд. теңгеден астам сомаға жуық шығын келтірілді. 55 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 24-і қазірдің өзінде сотталды. ЖКО жөніндегі қылмыстық істерді тергеудің тиісінше жүргізілмеу бөлігі бойынша жеке сын айтылды.
Соңғы 2 жыл ішінде прокурорлар 45 жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке қойды, олардың 13-і бойынша үкімдер шығарылды.
Осыған байланысты Ғизат Нұрдәулетов прокурорларға кез келген заң бұзушылықтың, тергеу кезіндегі сөзбұйдаға салушылықтың жолын қатаң кесуді және кінәлілердің қатаң жазаға тартылуына қол жеткізуді тапсырды.
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша, қауіпті жол учаскелерінің электрондық картасы, көше-жол жүйелері жай-күйінің қоғамдық мониторингінің болуы, жауапкершілікті қатаңдату және басқалары қажеттігін айтты.
Осы және басқа да шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай бағдарламалық құжатта ескерілетін болады, бұл құжат қазір ІІМ-де және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясында дайындалып жатыр.

Таңбалар: бас прокуратуражиынкедейкеңесқылмыс

Ұқсас мақалалар

Алматыдағы дәріханаларда қолдан жасалған дәрілер сатылып келген
Дәулет

Алматыдағы дәріханаларда қолдан жасалған дәрілер сатылып келген

25.06.2026
Сүбелі сөз
Инфографика

Сүбелі сөз

01.05.2026
Қызылордада әлеуметтік-экономикалық дамудың жайы талқыланды
Дәулет

Қызылордада әлеуметтік-экономикалық дамудың жайы талқыланды

06.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist