Украина Британия ракетасын алғаш рет қолданды (видео)
КИЕВ. 29 сәуір. Украина Қарулы күштері Ұлыбританиядан алған жаңа заманғы ракетасын бүгін Ресей басқыншыларына қарсы бірінші рет пайдаланды. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Әлеуметтік желіде Украинаға берілген қарудың Донбаста қалай жұмыс істеп жатқаны видео арқылы көрсетілді.
«Бүгін М270 MLRS Донецк облысы ауданында Ресей басқыншыларының 25 гектарға дейін жерін талқандай алады», – деп жазды сайт.
Таяу күндерден бері Украинада Британияның танкке қарсы өте керемет ракетасы да қолданыла бастады. Оның нысанасынан ешқандай соғыс машинасы құтылып кете алмайды. Мұндай қару-жарақтар тұрғанда, Киевтің Мәскеуді жеңіп шығатынына күмән жоқ.
Ал АҚШ Конгресі Украина үшін ленд-пизді түпкілікті қолдау жөнінде дауыс берді. Мұны 417 депутат қолдаса, тек 10 депутат қана қарсы дауыс берді.
Бұл құжат АҚШ президенті Джо Байденге Конгрестің мақұлдауын күтпей-ақ Украинаға өз бетінше көмек көрсету құқығын береді. Ондай кезең бұған дейін тек Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана болған еді.
Қазір Құрама Штаттар Украинаға жаңа әскери көмек көрсету пакеті шеңберінде шешуші мәні бар қару беруге дайындалып жатыр. Ол алыс қашықтыққа баратын ракета болмақ. Вашингтон бұл ракетаның соғыс тағдырын шешіп беретініне сенеді.
Украинадағы ұрыс қимылдары шынымен өзінің шешуші фазасына енген сияқты. Ол Ресей оккупанттарымен соғыста таразы басын өз Отандарын қорғап жатқан украин қорғаушыларына қарай аударуып жіберуі тиіс.