Украинада Житомир облысы да жау қолынан босатылды
КИЕВ. 4 сәуір. Бүгін Украинада Житомир облысы Ресей басқыншыларының қол астынан тазартылды. Бұл туралы Donpress хабарлады.
Украина Қарулы күштеріне Киев облысынан кейін оның жанындағы Житомир облысында азат етудің орайы келді. Житомир облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісі Виталий Бунечко қазіргі сәтті аймақ территориясында бірде-бір оккупант қалмағанын атап өтті.
«Біз жауды кезең-кезеңімен елдің шебінен асырып салып жатырмыз. Бүгін енді сеніммен айтуыма болады, Житомир облысында Ресей оккупациялық армиясының бірде-бір жауынгері жоқ. Олар техникалары мен оқ-дәрілерінің бірқатарын тастап кетті», – деді ол.
Бунечко сонымен бірге, соғыстың әлі аяқталмағанын, РФ-ның күштерін қайта топтастырып, қайта шабуылға шығатынын айтты.
Осы күні Сумы облысының басым бөліші Украина армиясының қол астына өтті. Тек бірқатар жерлерде ғана РФ әскерлері бар. Қазір оларды қуып шығу әрекеттері жасалып жатыр.