Сүлейменов: Қазақстан Украина жерінің тұтастығын құрметтейді
АСТАНА. 2 сәуір. Қазақстан Украина территориясының мемлекет ретіндегі тұтастығын жақтайды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Қазақстан Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кеше әлеуметтік желіде жариялаған посты арқылы еліміздің Украинадағы соғыс пен ол елдің тұтастығына қатысты позициясын айқындап берді.
«Бізде әр нәрсені өзінің атымен атауға қатысты проблема жоқ. Ресей «соғыс» сөзінің айтылуына тыйым салған заң енгізуге шешім етті. Олар мұны «арнайы әскери операция» деп атайды. Бірақ Қазақстанда біз мұны өзінің шын атымен атаймыз», – деді ол.
Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары осылайша Украинада жүріп жатқан соғыстың шын мәнінде де соғыс екенін ашып айтты.
«Әрине, Ресей біздің өздері жағында болуымызды қалады. Бірақ Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейді. Біз Қырымның жағдайын да, Донбастың жағдайын да мойындаған жоқпыз, мойындамаймыз да, себебі, оларды БҰҰ мойындамайды. Біз тек Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде қабылданған шешімдерді ғана құрметтейтін боламыз», – деді түйіндеді ол Қазақстан Республикасының бұл мәселелерге қатысты позициясын келтіре тұрып.
Қазақстан Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің бұл мәлімдемелері еліміз жұртшылығы тарапынан үлкен қолдау мен сүйсінушілікке ие болуда. Мұны әлеуметтік желідегі түрлі постылар мен оларға беріліп жатқан комменттер айқын танытады. Оларда оқырман қауым Сүлейменовтің жеке өзіне де алғыс сезімін білдіріп жатыр.
Мәлімдеменің түпнұсқасы мынадай:
«У нас нет проблем с тем, чтобы называть вещи своими именами. Россия решила ввести закон, запрещающий слово «война». Они называют это специальной военной операцией. Но в Казахстане мы это называем так, как есть.
Конечно, Россия хотела, чтобы мы были больше на их стороне. Но Казахстан уважает территориальную целостность Украины.
Мы не признавали и не признаем ни ситуацию с Крымом, ни ситуацию с Донбассом, потому что их не признает ООН. Мы будем уважать только решения, принятые на уровне Организации Объединенных Наций».
Первый заместитель руководителя Администрации Президента РК
Тимур Сулейменов