Әлем Путиннің Украинаның екі облысын мойындауына қарсы
ВАШИНГТОН. 22 ақпан. Күллі дүние жүзі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның екі облысын дербес мемлекет ретінде мойындауын қатты айыптап жатыр. Бұл туралы rasn.kz хабарлады.
Айта кетейік, бүгін Владимир Путиннің Украина жеріндегі өздерін өздері жариялаған «Донецк халық республикасы» және «Луганск халық республикасы» деген құрылымдарды мойындау туралы жарлық шығарғаны белгілі болды.
Бұл хабарламаға байланысты әлем жұртшылығының кері реакциясы көп күттірген жоқ. Бірінш болып АҚШ президенті Джозеф Байден үн қатты. Ол Ресейдің «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындауы Құрама Штаттардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді, деп мәлімдеді. Сондықтан «Украинының уақытша басып алынған территориясына» (ОРДЛО) қатысты санкция қабылдауға шешім шығарды.
Санкцияға сәйкес, АҚШ азаматтарына «ДХР» мен «ЛХР» облыстарына инвестиция бөлуге, бұл аймақтың кез келген тауарын Құрама Штаттарға әкелуге, сондай-ақ аталған территорияларға тікелей немесе жанама түрде тауарларды экспорт жасауға тыйым салынды.
«Мұндағы мақсат халықаралық құқықты өрескел бұзып отырған Ресейді пайда табу мүмкіндігінен айыру болып табылады», – делінген хабарламада.
Украина президенті Володимир Зеленский бұл мәселені АҚШ президенті Джо Байденмен және Ұлыбитания премьер-министрі Борис Джонссонмен талқылап үлгерді.
Бұдан кейін Украина президенті өз елінің халқына үндеу арнады.
Украина сонымен қатар БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысын шұғыл шақыруды талап етіп отыр.
Еурокомиссияның басшысы Жозеп Боррель, Еурокеңестің төрағасы Шарль Мишель және Еуропа комиссиясының жетекшісі Урсула фон дер Ляйен Ресейдің «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындауын халықаралық құқықтарды және Украинаның тұтастығын бұзу деп атады.
Ал Мәскеу бұл оқиғаны үлкен жеңіс ретінде тойлап жатыр…
Біздің анықтама: Қазіргі таңда Донецк облысында 2,9 млн халық тұрады. Олардың 1 миллион 870 мыңы, яғни 65,4 пайызы – украиндар, 764 мыңы, яғни 29,6 пайызы – орыстар. Сол сияқты Луганск облысында 2,2 млн халық тұрады. Олардың 1 млн 764 мыңы – украиндар, 991 мыңы – орыстар.