Латын әліппесіне көшу кейінге қалдырылды
2017 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліппесін латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Бірақ республикада қазақ тілі жазуының латиницаға көшу мерзімі 2030-2035 жылдарға дейін кешеуілдетілетін түрі бар. Бұл туралы елдің дипломатиялық ортасындағы мәнбелерге сүйенген «Известия» газеті хабарлады.
Басылым дерегінде республиканың экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурстарында әлі күнге дейін кирилл таңбасының қолданыста келе жатқаны айтылады.
Газет сонымен бірге, республика үкіметінің жоспарына сәйкес, 2021 жылы паспорттардан ескі жазулардың біржола алынып тасталатыны, ал барлық мемлекеттік органдардағы құжаттардың 2024 жылға қарай аударылып бітетіні атап көрсетілгенін тілге тиек етеді.
Бұдан бөлек, 2020-2021 жылдары бірінші сыныптардың оқулықтары латын жазуына көшуге тиіс.
Бірақ бұған қатысты жұмыстардың қазіргі қарқыны мен пейіл-ниеті шынында аталған науқанның кейінге қалдырылып тұрғанын байқататын сияқты.
Еске сала кетейік, Қазақстанда латын әліппесіне көшу жөніндегі шешім 2017 жылғы қазан айында қабылданған еді. Елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес, сол кезде 32 әріптен тұратын жаңа алфавит жасалған болатын. Бірақ оның төңірегіндегі дау-дамай әлі басыла қойған жоқ. Жоспар бойынша 2025 жылы латынға көшу толық аяқталуға тиіс-тін. Ол кезең-кезеңімен жүретін болып шешілген.