Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Наташа Королева қазақша ән салды

Ресейдің белгілі әншісі Наташа Королева өзіне құрмет көрсетіп, бірге жұмыс істеген қазақ әншісі Бүркітті сыйлағандықтан оған алғыс айтып, қазақша ән салды.

Ресей эстрадасының 90-жылдардағы жұлдызы қазақ жігітінің қонақжайлылығы мен бірге жұмыс жасағанына айрықша алғыс сезімін білдірді. Оған аса разы болған ол бірнеше күннің ішінде қазақ тілін біршама меңгеріп алғанын айтты. Онымен де тоқтамай, қазақ тілінде ән салды.

Бүркітпен бірнеше күн жұмыс жасасқан Королева оның мүсінінің мінсіз екенін атап өтпей тұра алмады. Ол қазақ әншісінің сұлулығы мен таланттылығына айрықша мән берді.

– Біз өте бір жайдары қалыптағы оқиға жайында түсірілім жасадық. Мен онда кездейсоқ жағдайда тап болған болып көрінем де, кенет өзімнің қазақ тілінде ән сала алатын қабілетімді байқаймын. Әрине, қазақ тілі өте күрделі екен, мен оған мұқият дайындалдым. Бірақ Бүркіт есімді сұлу да талантты ер кісінің қолдау көрсетуі арқасында бәрі де жақсы болып шықты. Біздің бірлескен жұмысымыз енді сіздерге де ұнайтын шығар деп үміттенемін, – деді Наташа Королева.

https://youtu.be/vVjOy1RemgA

Еске сала кетейік, әнші Бүркітпен бірлескен жұмыс жүргізу үшін өткен аптада Қазақстанға келген болатын. Әртістер арнайы клип түсірді, ал Наташа Алматыда тағы бірнеше күн болды. Осы қысқа уақыт ішінде ол қазақтың ұлттық мәдениетімен ғана танысып үлгерген жоқ, сонымен бірге тыр жалаңаш шешініп тастап, көпшілікті те естен тандырды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button