Анголада маймылдан туылған бір бала табылды
ЛУАНДА. 6 маусым. Анголада адам мен шимпанзеден туылған 12 жасар ұл бала табылды. Бұл туралы Africa Daily News хабарлады.
Жұртты шулатып жатқан Аугусто Дембо есімді бала өзінің әкесі шимпанзе екеніне сенімді. Оған мұны анасы айтыпты. Бірақ генетиктер бұған әлі де күмән келтіріп отыр.
Баланың анасы Анита Дембо 1998 жылдан бастап Камея ұлттық паркінде күзет жөніндегі инспектор болып қызмет еткен жылдарында бір шимпанземен ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болғанын айтып беріпті. Бұл оқиға елдің ұлттық газеттерінің бастақырыптарына айналғаннан кейін бала аяқ астынан танымал болып шыға келіпті.
«Адамдар мен шимпанзелер арасында сексуалды қатынас орнауы бұл өңірде барынша кеңінен тараған, сондықтан мына жағдай таңғаларлық нәрсе емес. Шимпанзеден екіқабат болып қалған әйелдер бұрын да болған», – дейді доктор Антониу Мендес.
Ангола президенті Жоау Лоренсу маймылдан туған баланы «Анголаның таңғажайып перзенті» деп атап та үлгеріпті. Ол оған сондай-ақ «Ұлттық жетістік», «Құдайдың жаратылысы» және «Ангола Республикасы ұлылығының куәсі» деген атау беріпті.
Баланың анасы Анита Дембоға келсек, болжам бойынша, ол ұзақ жылдар Камея ұлттық паркінде қызмет еткен жылдары бір шимпанземен «махаббат» құрыпты.
Бірақ Камея паркінің адамдары бұған қатты намыстанып жатыр. Олар келіншекті айыптауда.
Айта кету керек, генетиктер қанша байланыс болғанымен адамның маймылдан бала табуы мүмкін емес екенін де алға тартып отыр.