Қазақстанда Үндістанның дәрі-дәрмектерін сатуға тыйым салынды

АСТАНА. 23 ақпан. Қазақстанда Үндістан медициналық өнеркәсібінде шығарылған медициналық препараттарды қолданылмайтыны айтылып жатыр. Бұл туралы Kazinform.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Атап айтқанда, Үндістанның «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығы арқылы жүзеге асып отыр.
«Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. «Десилмакс» дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын», – делінген бұйрықта.
Айта кетейік, бұл шешімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.
Қазіргі таңда комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару жөнінде тапсырма берілген. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.





