Макрон Трамптың Кремльге орай ойын өзгерткенін құптады

НЬЮ-ЙОРК. 24 қыркүйек. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трампты Ресейге байланысты пиғылын дұрыстағаны үшін мақтады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Француз лидері АҚШ президентінің «Украинаның қиындыққа төзіп қана қоймай, сонымен бірге өз құқығын қорғай алатынына сенетініне» қуанышты екенін білдірді.
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты риторикасын күрт өзгерткеніне қуанып отырғанын айтты. Ол қыркүйектің 23-і күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы басталар алдында: «Америка президенті Украинаның қиындықтарға тек төзімділік қана танытатына сеніп қана қоя салмай, бізбен бірге оны қорғай алатынына қуаныштымын», – деді.
Макрон Трамптың Ресей экономикасының әлсіреуі мен сәтсіздіктері хақында айтқан мәлімдемелерін құптады. «1000 күннен астам уақыт ішінде – көптеген шығындар мен көптеген бейбіт тұрғындардың қазасына қарамастан – Ресей Украина аумағының бір пайызын ғана басып алды», – дегенді қосты Макрон.
Ал Трамп «Киев Еуроодақтың қолдауымен өзінің барлық аумағын қайтарып алуға қабілетті» дееген еді.
Сол күні Дональд Трамп Еуропа Одағының қолдауымен «Украина соғысуға және бұрынғы шекараларындағы барлық территориясын қайтарып алуға қабілетті» деген сенімін білдірді. Мұны Ақ үй басшысы Нью-Йоркте Украина лидері Володимир Зеленськиймен кездескеннен кейін TruthSocial әлеуметтік желісінде жазды.
Оның айтуынша, Ресей үш жарым жылдан бері соғысып келеді, нағыз соғыс державасы үшін бұған «бір аптадан аз уақыт жеткілікті болар еді».






