Француз премьері табандылығы үшін Зеленськийге алғыс айтты

ПАРИЖ. 4 наурыз. Франция премьер-министрі Франсуа Байру Зеленськийге АҚШ-та Украина мен Еуропаның намысын қорғағаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Франсуа Байру Франция парламентінде сөйлеген сөзінде Зеленськийге құрмет пен алғысы сезімін жеткізді. Француз премьер-министрі Ақ үй Украина президентін бүкіл әлем алдында масқаралауға әрекеттеніп, оны жау алдында тізе бүгуге мәжбүрлегісі келетінін айтты..
Франсуа Байру Ақ үйде Зеленськиймен арада болған оқиғаны Украинаны капитуляция жасауға мәжбүр ету мақсатын көздейтін терең жоспарланған әрекет деп болжады.
Саясаткер сөзге келмей: «Жұма күні Ақ үйдің Сопақша кабинетінде бүкіл әлем камераларының объективінде қатыгездік пен қорлаудың таңғаларлық көрінісі болды», – деді.
Сондай-ақ Франция премьер-министрі Зеленськийге «Не Путинмен келісімге қол қоясың, не сені тағдырыңдың тәлкегінде қалдырамыз».деген бір сөйлемнен тұратын ультиматум қойылғанын және оған таңдау қалдырмағанын атап өтті.
Франсуа Байру сөзінің соңында Зеленськийдің Ақ үйде Украинаның ғана емес, бүкіл Еуропаның да намысын қорғағанын, бұл үшін оған алғыс айту керектігін атап өтті.