Аустрияда РФ-ның жалған ақпар тарататын компаниясы әшкереленді

ВЕНА. 24 наурыз. Аустрияда Ресей үшін жалған ақпар тарататын компания әшкереленіп, олардың бір азаматшасының есімі анықталды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аустрияда қоғамда Ресейді насихаттап, Украинаны қаралау мақсатын көздеп, Кремльдің пайдасына жалған ақпарат тарату ісімен белсенді түрде шұғылданып жүрген Болгария азаматшасы күдікке ілінді.
Аустрия билігі Ресейдің кең ауқымды жалған ақпарат тарату науқаны паш етілгенін хабарлады.
Венадағы мемлекеттік қауіпсіздік және барлау басқармасы (DSN) 24 наурыз, дүйсенбі күні тыңшылық жасады және мақсатты жалған ақпарат таратты деген күдікпен Болгария азаматшасына қатысты тергеуді бастады.
Қылмыскерлер Аустрияда ресейшіл көңіл күй тудыруға әрекет еткен. Аустрия арнайы қызметінің мәліметінше, қылмыстық топ аталмыш науқанның көмегімен жұртты Ресейдің жағына қарай бұру және Украина мен оның президенті Володимир Зеленськийге қарсы қою арқылы Аустриядағы қоғамдық пікірді өзгертпекші болған. Күдікті ұяшық жұмысын 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргелі бері жүргізіп келе жатқанын мойындады.
«Өтірік әңгімелердің, жалған жаңалықтардың және манипуляциялық мазмұндағы хабарлардың таралуы біздің институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді және қоғамның бірлігіне қауіп төндіреді», – деді Аустрия ішкі істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Йорг Лейхтфрид тергеу нәтижелеріне түсініктеме бере отырып. Ол жалған ақпарат сайлауға әсер етіп, саяси тұрақсыздыққа ықпал етіп, жалпы демократиялық қоғамға қатер төндіретінін еске салды.
Аустрияның APA ақпарат агенттігі күдіктінің қазір бостандықта жүргенін хабарлады. «Сонымен қатар, әйел өзінің Ұлыбританияда Wirecard кеңесінің бұрынғы мүшесі Ян Марсалек атынан жұмыс істейтін болжамды ұяшықпен байланысы бар екенін растады, ол халықаралық іздеуде жүрген және бірнеше жыл бұрын бірнеше миллиард долларлық алаяқтықтан кейін Ресейге қашып кеткен», деп жазады агенттік Лейхтфрид өкіліне сілтеме жасап.