Зеленьский кездесуден соң Fox News телеарнасының эфиріне шығады

УАШИНГТОН. 28 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескеннен кейін Fox News арнасына сұхбат береді. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
The Hill басылымының жазуынша, Украина президенті Володимир Зеленьский жұма, 28 ақпан күні Ақ үйде Америка лидері Дональд Трамппен кездескеннен кейін Fox News журналисі Брет Байерге сұхбат беруге уәде еткен.
Сұхбат сағат 18.00-де Fox News арнасының «Арнайы репортажында» эфирге шығады. Ол «Ресей-Украина соғысын тоқтату үшін жасалып жатқан күш-жігер және бүгінгі күннің басқа жаңалықтарына» арналады.
Басылым атап өткендей, «екі әлем көшбасшыларының кездесуі Украина мен Ресей арасындағы үш жыл бұрын басталған соғыстың траекториясы үшін шешуші болуы мүмкін».
The Hill сонымен қатар соңғы кездері Трамптың Зеленьскиймен арадағы қарым-қатынасы нашарлап кеткенін атап өтті. Бұған Ақ үй қожайынының аумалы-төкпелі мінез құлқы мен позициясын жиі өзгертетін қасиеті себеп болып тұр. Соның салдарынан өткен аптада БҰҰ Бас Ассамблеясының міндетті емес қарарында АҚШ-тың Ресей жағына шыққанын еске салды. Сөйтіп, РФ-ны «агрессор» деп атаудан бас тартқан 18 мемлекеттің қатарынан табылды. Бұл жағдай Украина тарапы қатты ренжітті.
«Өткен айда қызметке кіріскеннен бері Трамп кінәні Ресейге немесе президент Владимир Путинге жүктеуге келіспеді. Ол АҚШ-тың қақтығысқа жұмсаған шығынына бірнеше рет күмән келтірді және Байден әкімшілігі кезінде көп мақталған Зеленьскийді сынап, оны басқа қорлаулардың қатарында «диктатор» деп атады. Трамп сонымен бірге бейбіт келіссөздерді Украинаның өкілдерінсіз немесе Еуропа елдерінің өкілдерінсіз есеп берді», – делінген хабарламада.
Айналып келгенде, Трамп пен Зеленьский 28 ақпанда Ақ үйде кездесуге келісті, басылым жазғандай, онда «өздерінің келіспеушіліктерін талқылап, АҚШ үкіметі үшін миллиондаған табыс әкелетін сирек кездесетін пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді аяқтау» мәселелері қаралады.