Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Дональд Трамп Украинаға жылы шыраймен қарай бастады – WSJ

УАШИНГТОН. 28 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен кездесуінде Украинаны жақсы жағынан атап отырды. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Wall Street Journal атап өткендей, екі лидердің бейсенбі күні өткен кездесуі кезінде Ақ үйдің қожайыны Украинаға қатысты жылы шырай танытқан.

Сонымен бір мезгілде Киевке Еуропа одағы елдері қалап отырғандай қауіпсіздік кепіліне уәде бере алмайтынын айтқан.

Сұхбаттасу барысында Стармер АҚШ-ты Украинадағы бітімгершілікке тартпақшы болған. Алайда Трамп Мәскеу мен Киев арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін ғана мұндай вариантты қарастыратынын бірнеше рет мәлімдеген.

Сонымен бірге, The Wall Street Journal жазғандай, ол Киевке еуропалық одақтастар қалаған қауіпсіздік кепілдіктерін уәде етпеген.

«Мен біз егер келісім жасассақ, оның сақталатынына сенімдімін», – деді ол Дөңбек кеңседе, сосын бұл әрекетті кейін «тексеруге де, бақылауға да» болатынын айтты.

Трамп сонымен бір мезгілде бір кездері Володимир Зеленьскийді «диктатор» деп атағанына «өзінің сенбейтінін» айта келіп және Киевтің мүмкіндігінше өз территорияларының басым бөлігін Ресейден қайтарып алуына көмесуге уәде бере отырып, Украинаның мәнзіліне бұрын айтқан қатқыл да өрескел сындарын біршама жұмсартты.

WSJ атап өткендей, бұл Дональд Трамптың Украина президенті Володимир Зеленьскиймен жұма күні өтетін кездесуі алдындағы шиеленісті азайтуға арналған маневрлары болуы да мүмкін. «Біз өзара жақсы тіл табысамыз. Мен оны қатты құрметтеймін», – деді Трамп Зеленьский туралы.

Сонымен қатар, Стармер Уашингтон мен Еуропа арасында Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты қалыптасқан көзқарастардағы келіспеушіліктерден туған кірбің қабақтарды біршама жадыратты.

«Сіз арамызда бұрын болмаған алшақтықты табуға тырысып жатырсыз. Біз ең жақын халықтармыз, сондықтан бүгін бізде өте жақсы пікір алмасу орын алды», – деді ол кездесуден кейін соғысқа қатысты ұстаным мен жалпы сыртқы саясат туралы сұрақтарға жауап беріп.

Басылымның атап өтуінше, Украина лидері Володимир Зеленьский АҚШ-тың өз елін қорғауға мүдделілігін сақтауға тырысып, америкалық компанияларға украинның сирек кездесетін жерасты қазба байлықтарын бергелі отыр.

Алайда, Зеленьский Киевтен ұшып шығар алдында АҚШ Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бермесе, бұл келісімге қол қоймайтынын да айтып кеткен еді.

Британдық шенеуніктер Стармердің Трампты өз істерінің әділ екеніне сендіруінің маңызы өте зор деп есептейді. Солардың бірі Еуропа мен Украинаның қорғанысы ішінара АҚШ-қа және оның құрған тежеу ​​күшінің дайындығына байланысты болатынын мойындады.

Бұған дейін АҚШ президенті Украинадағы соғыс «не өте жақын арада аяқталады, не мүлде аяқталмайды» деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қазір «соғысты аяқтау» жұмысы жүріп жатыр. Украинадағы бейбіт реттеу жолындағы келесі қадам атысты тоқтату болуы керек. Трамптың пікірінше, бұған тез қол жеткізуге болады.

АҚШ президенті сонымен қатар, осыдан бірнеше күн бұрын Украинада бейбітшілікке қол жеткізе алмай қалуы да мүмкін екенін алғаш рет мойындаған. Ол енді «екі тараптың ең жақсы келісімге» тоқтауы үшін қолдан келгеннің бәрін аямайтынын баяндады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button