Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Назарбаев неге Ново-Огаревоға барып, Путинмен кездесті?

МӘСКЕУ. 15 ақпан. Қазақстанның байырғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13 желтоқсан күні Ново-Огаревоға барып, РФ президенті Владимир Путинмен астыртын жолықты. Бұл туралы Kursiv.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұл соңғы үш жылда Кремль ресми түрде жария еткен Путин мен Назарбаевтың бірінші кездесуі болды. Әйтпесе, бұған дейін ешбірі ашық айтылмайтын еді. Бұл жолы Kreml.ru бұл екеуінің Ново-Огаревода кездескендері жайлы жалғыз сөйлемнен тұратын хабарлама берді де қойды.

Сондығынан да болар, қазақ қоғамы экс-президенттің бұл жүрісін оншалықты жақтыра қойған жоқ. Әлеуметтік желіде белгілі заңгер Айгүл Орынбай бұрынғы президенттің бұл қадамын құптамайтынын қадап тұрып айтты. Көптеген блогерлер 2021 жылы желтоқсан айында Назарбаевтың Мәскеуге барып, Путинмен жолығуының соңында Қаңтар оқиғасы басталып кеткенін еске түсіріп, «бұл тағы нені бүлдірейін деп жүр» деген сыңайда сөз қозғап ашу-ызаларын білдірді.

Саясаттанушы Ербол Еділов пен журналист Әсет Матаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің 13 желтоқсанда Ново-Огаревода өткен бұл кездесулері жайлы өзара ой бөлісті. Екі сарапшы да Кремльдің кездесу жайында қысқаша дерек берумен шектеліп қалғанына назар аударды. Мұның астарында не жатыр? Мұнда саяси реңк бар ма, жоқ жай ғана сыпайылық па?

Әсет Матаев назарды бұл екеуінің кездесулері жайлы Кремль таратқан соңғы ресми ақпардың 2021 жылдың желтоқсанында орын алғанына аударды. Содан кейін артынша Қаңтар қырғыны басталып кетіп еді. Сарапшы бұл кездесудің Мәскеудің Астанаға көрсетіп отырған тағы бір қыры болуы мүмкін деген ойға қазық байлайды.

«Иә, біздің бәріміз осы үш жылда Путиннің Назарбаевпен бірнеше рет кездескенін білеміз. Бірақ олардың бірде-бірі арнайы хабарланған жоқ. Тек бір жолы ғана РФ басшысының баспасөз хатшысы Песков өзіне сондай сұрақ қойылғанда, Назарбаевтың келіп кеткенін мойындаған болатын.

Матаевтың ойынша, Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары өзінің саяси ықпалының айтарлықтай бөлігінен айырылып қалды, оның айналасындағылардың біразы жемқорлық айыбымен айыпталды, тағы біреулері қызметтерін асыра пайдаланғандарымен көзге түсті.

Бұл оқиғаға Парламент Мәжілісінің депутаттары да, белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер де қатты мән беріп, мәселені талқылап жатыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button